Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Табиғат ресурстары бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылуы;
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады.[4]
Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді. Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады