Презентация Тақырыбы: Тіл білімі және оның салалары Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/3
Дата22.02.2023
өлшемі1,94 Mb.
#169766
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Тіл білімі және оның салалары

Фонетиканың зерттеу тәсілдері
Лексика
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады.
Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады.
Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді.
Грамматика
Грамматика (гр. γραμματική; грамматике – әріп, жазу) — тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
Грамматика саласы
Морфология
Синтаксис
Қорытынды
Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді.
Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүние жүзіндегі тілдерге классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тіл білімінің алатын орнын айқындайды.
Жалпы тіл білімі – тіл туралы ғылымның теориялық саласы. "Тіл біліміне кіріспе" деп аталатын курс – міне, осы жалпы тіл білімінің бастамасы. Ол жалпы тіл білімі қарастыратын мәселелерді оқып білу үшін алғашқы баспалдақ, соған жолдама іспетті.
Жалпы тіл білімі. Алматы: Қазақ университеті, 2006.–112 б.
4.
Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хиямс. Тіл біліміне кіріспе. Алматы: 2007.- 496 б.
1.
Торе Янсон. Тіл тарихы. Алматы: 2011.- 255 б.
2.
Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе. Алматы: 2009. - 114 б.
3.
«Тіл білімі пәні. Тіл білімінің зерттеу нысаны».
5.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет