Кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосурет етіп түсіруді флюорография дейді. Бұл тәсіл қыска уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол профилактикалык тексерулер кезінде қолданылады.
Бронхография - бронхтың ішінде рентген сәулелері өтпейтін заттар жіберіп, бронх тарамдарының (бронх бұтасының) рентгендік суретін түсіру. Ол:
бронхтың қисаюын:
бронхоэктаздарды (бронхтың кеңеюі);
3. бронх өзегінің тарылуын табуға көмектеседі.
Томография - кеуде бетінен әр түрлі қашықтықтағы өкпенің рентген бейнесін суретке түсіру. Өкпе ішінде терең жатқан құрамдарды табуға мүмкіндік туғызады (өкпенің ісігі т.б.)
Томография рентгенографияның ерекше бір әдісі, яғни қабаттама түрдегі рентгенографиялық тексеру. Бұл тексеру әдісі өкпенің әр түрлі тереңдігінде орналасқан өзгерістерді (өкпе ісіктері, инфильтраттар, қуыстар, үлкейген лимфотүйіндер) дәлдеп зерттеуге мүмкіндік береді.
Ал,компьютерлі томография болса, сол қабаттарды тексеруге және патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік жасайды.
Эндоскопиялық зерттеу
Эндоскопиялық зерттеу
Эндоскопиялық зерттеу әдістеріне бронхоскопия мен торакоскопия жатады.
Бронхоскопия - бронхоскоп деп атайтын арнайы аспап арқылы кеңірдек пен бронхтардың (І, ІІ, ІІ-реттілі) шырыш қабатын зерттейтін әдіс.
Бронхоскопия - бронхоскоп деп атайтын арнайы аспап арқылы кеңірдек пен бронхтардың (І, ІІ, ІІ-реттілі) шырыш қабатын зерттейтін әдіс.
Бронхоскопты ішке енгізбес бұрын 1-3% дикаин ерітіндісімен жоғары тыныс жолдарының шырыш қабатына анестезия жасайды. Содан кейін барып ауыз және көмекей аркылы кеңірдекке енгізеді. Тексеруші кеңірдек пен бронхылардың шырыш қабатын қарап зерттейді. Ұзын тұтқасы бар арнайы қысқаш арқылы гистологиялық және цитологиялық зерттеу жасау үшін күдікті орындардың тінімен кішкентай бөліктер алуға және оның фотосуретін түсіруге де болады.