Бронхоскопияны эррозияларға, бронхтардың шырыш қабатының жараларына, бронх қабатының ісіктеріне диагностика жасау, бөгде заттарды сыртқа шығару, бронхтардың полиптерін алып тастау үшін де жасайды, сонымен қатар бұл әдісті бронхоэктатикалық ауру мен орталықта орналасқан өкпе абсцесін емдеу үшін де қолданады. Бұл жағдайларда бронхоскоп арқылы алдымен іріңді, қақырықты сорып тастайды. Содан кейін барып бронхтың ішкі қуысына немесе абсцесске антибиотиктер жібереді. Бронхоскопияны эррозияларға, бронхтардың шырыш қабатының жараларына, бронх қабатының ісіктеріне диагностика жасау, бөгде заттарды сыртқа шығару, бронхтардың полиптерін алып тастау үшін де жасайды, сонымен қатар бұл әдісті бронхоэктатикалық ауру мен орталықта орналасқан өкпе абсцесін емдеу үшін де қолданады. Бұл жағдайларда бронхоскоп арқылы алдымен іріңді, қақырықты сорып тастайды. Содан кейін барып бронхтың ішкі қуысына немесе абсцесске антибиотиктер жібереді. Торакоскопия арнайы құрал торакоскоп арқылы жасалынады. Торакоскоп металдан жасалған түтіктен және электр шамы бар арнайы оптикалық аспаптан құрастырылған. Торакоскопия өкпе қабының висцералды және париеталды жапырақшаларын көруге, биопсия алуға, өкпе қабының жабысқанын ажырату үшін және тағы басқа әр түрлі емдеу шараларын жасау үшін қолданылады. - Торакоскопия арнайы құрал торакоскоп арқылы жасалынады. Торакоскоп металдан жасалған түтіктен және электр шамы бар арнайы оптикалық аспаптан құрастырылған. Торакоскопия өкпе қабының висцералды және париеталды жапырақшаларын көруге, биопсия алуға, өкпе қабының жабысқанын ажырату үшін және тағы басқа әр түрлі емдеу шараларын жасау үшін қолданылады.
Функциональды зерттеу әдістері
- Спирометрия—спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу.
- Спирография - тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.
- Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер:
- 1.Тыныстық көлем - қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа шығарғандағы ауаның көлемі. Орташа есеппен 500 см3 шамасында.
- 2.Қосымша көлем(тынысты ішке алудың қосымшарезерві)демдіқалыптыалға-ннан кейін, тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен 1500 см3
- 3. Резервтік көлем (тынысты сыртқа шығарудың қосымша резерві) - демді қалыпты шығарғаннан кейін, тағы да іштен шығаруға болатын ауаның көлемі. Шамамен 150см5
- 4. Қалдық ауа (қалдық көлем) - ауаны өкпеден максимальды (барынша) шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі. Шамамен 1000 см3.
5. Тыныстық ауа, қосымша және резервтік көлемдерді қосындысы өкпенің тіршіліктік сиымдылығы (ӨТС) деп аталады. Ауру адамдағы анықталған ӨТС-ті тиісті ӨТС-н салыстырады. Қалыпты жағдайда бұл екі көрсеткіштің айырмашылығы ұ 15% - тен артық болмауы керек. ӨТС-тің өзгерісі өкпенің, жазылғыштығын сипаттайды. Сондықтан оның мөлшері өкпе кеңуіне кедергі туғанда азаяды:
- өкпе эмфиземасы 2) пневмосклероз 3) пневмоторакс 4) гидроторакс
5) Іш қуысы қысымының көбеюі т.б. ӨТС бронх өткізгіштігінің азаюына да тән, бірақ бұл жағдайда да оның кемуі онша елерліктей емес.
6) Вотчал – Тиффно индексі. Ол индексті есептеп шығару үшін спирография тәсілімен 1 секундта тездетіп сыртқа шығарған ауаның (ТСША) көлемін анықтау керек.Пациентпен белгіленген ТСША-ның ӨТС-на қатынасы (ТСША ӨТС 100%) Вотчал-Тиффно индексі деп аталады. Бұл көрсеткіштің мөлшері негізінен бронх өзегінің өткізгіштігін сипаттайды. Қалыпты жағдайда Вотчал - Тиффно индексі 70%-тен төмен болуы керек.
- Пневмотахомстрия. Демнің көлемдік жылдамдығын өлшеуді пневмотахо-метрия деп аталады. Демді сыртқа шығарудың көлемдік жылдамдығы еркек-терде 5 - 8 л/с, әйелдерде 4 - 6 л/с шамасында болады. Демді ішке алудың мөлшері аздау болады. Демді ішке алу мен іштен шығарудың өзара қатынасы = 1 : 1,2 болады.
- Пневмотахография тәсілімен өкпенің жазылғыштығын, эластикасыз (серпінділіксіз) кедергісін, демді жай және тездетіп алғандағы ауа толқынының көлемді жылдамдығын қағазға жазады.
- Пневмотахометрия және пневмотахография тәсілімен бронх өзегінің өткізгіштігін анықтайды. Бронх өзегі өткізгіштігінің төмендеуі бронхитқа, тыныс демікпесіне, бронхтың сырттан қысылуына тән.
- Оксигематрия және оксигсмография методтарымен қанның оттегімен қанығуын тексереді. Қалыпты жағдайда артерия қанының оттегімен қанығуы - 95% - ке, ал венар қанының қанығуы 60—70%-ке тән.
Қорытынды
Науқасты жан-жақты қарауға, зерттеуге мән беру ауруды дұрыс зерттеп, диагностикалауда, нақты ем қолдануға және науқас күтімін дұрыс ұйымдастыруда ең маңызды орын алады. Науқас адамды зерттеген уақытта нақты жүйелікті пайдалану қажет, яғни сұрастыру сәтінде және объективті қарау уақытында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 1.Ішкі аурулар пропедевтикасы Айтбембет Б.Н Алматы-2009
- 2. Ішкі аурулар пропедевтикасы Сақтағанова А.А
- 3.https://kazmedic.org/archives/1521
Достарыңызбен бөлісу: |