Флюорография(лат. fluor — ағыс және грек. grapho — кескінін көрсету, бейнелеу) — фотографиялық пленкаға флюоресценттік (сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның рентгендік кескінін алудан тұратын рентгенологиялық зерттеу әдісі. Рентген сәулесі ашылғаннан кейін Флюрографияның негізгі
Флюорография(лат. fluor — ағыс және грек. grapho — кескінін көрсету, бейнелеу) — фотографиялық пленкаға флюоресценттік (сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның рентгендік кескінін алудан тұратын рентгенологиялық зерттеу әдісі. Рентген сәулесі ашылғаннан кейін Флюрографияның негізгі
принциптерін италиялық ғалымдар А.Баттелли мен А.Карбассо және америка ғалым Дж. М.Блейер жетілдірді. Флюрографияға түсірген кезде нысанның кескіні кішірейеді. Флюрографияның кішірейтілген (24 24 мм немесе 35-35 мм) және үлкейтілген (70 70 мм немесе 100 100 мм) түрлері болады. Басқа рентгендиагностик. әдістермен салыстырғанда Флюрографияның артықшылығы — клиникасы көпке шейін жасырын болған ауруларды жаппай зерттеуге мүмкіндік береді. Флюрографияны көкірек қуысының, сүт бездерінің, сүйек ауруларының диагностикасын қойғанда қолданады.
Бронхография - бұл тыныс алу жолдарының, трахея мен бронхтардың жағдайын рентгенологиялық зерттеудің қосымша әдісі. Ол бронхоскопия мен компьютерлік томография ойлап табылғанға дейін кеңінен қолданылған. Қалыпты жағдайда рентгенологиялық зерттеу кезінде бронхтар мен трахеялар көрінбейтін болып қалады. Флюороскопия немесе рентгенография көмегімен кескін алу үшін тыныс алу жолына контрастты заттар енгізіледі (йодталған өсімдік майлары, суда еритін
контраст заттары, контраст заттарының май мен судағы суспензиялары және т.б.). Бұл процедураның көмегімен бронх, ӛкпе және трахея аурулары анықталады. Әдіс жүрек-қантамыр жүйесінің (жалпы) ауыр жағдайында, бүйрек ауруында, йодқа жоғары сезімталдықта қарсы. Бұл әдісті адамдарға алғаш рет 1918 жылы американдық дәрігер Ш.Джексон қолданған. Кеңес Одағында - 1923 жылы Я.Б.Б.Каплан мен С.А.Рейнберг.
Бронхография