Презентация Тақырыбы: «Тұрақты даму әлемдік қауымдастық глобализациясы»



Дата23.11.2022
өлшемі426,25 Kb.
#159476
түріПрезентация
Байланысты:
13 Дәріс Жаһандану Қазақстан мәдениеті


Презентация
Тақырыбы: «Тұрақты даму - әлемдік
қауымдастық глобализациясы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
 
Орындаған: Амантай Қажыгелді
Қабылдаған: Айдарбекова А.С. А.С.

Жаһандану дегеніміз не?


Жаһандану ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global
— әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпы әлемдік саяси экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Жаһандану дегеніміз
тығыз экономикалық,
техникалық, байланыстағы
саяси, біртұтас
- бір-бірімен
ғылыми- мәдени адамзат
қауымдастығының қалыптасуы.
Жаһандану - әлемді бірыңғай сипаттамаларға ие бірыңғай жүйеге айналдырудың тарихи үдерісі.
Тарихта мұндай жүйені жаһанданудың келесі үдерістері:
-адамдарды ажырататын факторларының әрекетін уақытты және -кеңістікті мейлінше азайтатын коммуникацияның электронды құралдары;
-шығарылған өнімді бүкіл әлемге таратуға мүмкін беретін технологиялық өзгерістер;
-экологиялық немесе құқық қорғау қозғалысы сияқты жаһандық идеологиялардың қалыптасуы.
Жаһандану - бүкіләлемдік экономикалық, саяси және мәдени бірігу және біріздену үдерісі.
Мұның негізгі салдары еңбектің әлемдік бөлінісі, капиталдың, адами және өндірістік ресурстардың планета ауқымында көшіп-қонуы, заңнаманың, экономикалық және технологиялық үдерістердің стандартталауы, сондай-ақ әртүрлі мемлекет мәдениеттерінің жақындасуы болып табылады.
🠶ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды.
🠶Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.

мәдени


экономикалық
аумақтық
ақпараттық
коммуникациялық
Жаһандану- дың құрамдас бөліктері:
этникалық

Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады:


Неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму;
    • Өмір деңгейінің жоғарылауы;
      • Техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу
      • Тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.

Жаһанданудың жағымды жағы


🠶 Қоғамның ашықтығы
тіршілік қалыптарының жоғарылуына, экологиялық зардаптардың
баяулауына, жалпы гүлденуге себепші бола алады;
🠶 Ашық нарық жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты молайтады, жаңа технологияларды таратады;
🠶 Әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар мен идеяларды ала жүреді,
халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
🠶 Ашықтық адамдық факторға инвестицияларды ұйғарады: білім беруге, денсаулықты сақтауға,
инфрақұрылымға;
🠶 Өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге мәжбүрлейді;
🠶 Электрондық сауда, ақпаратқа сүйенетін «жаңа экономика» адамдардың басты қор бола бастайтынын көрсетеді. Теңдік идеясы әрбір адамның өзіндік құндылығымен ауыстырылды, әрбір адамның мүмкіндігін дамыту міндеті қойылды;
🠶 Сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігі.
Жаһанданудың жағымсыз жағы
🠶Дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі.
🠶Қай ұлттың рухани мәдениеті күшті болса, сол ұлт өмір сүруге бейім болады да, рухани мәдениеті әлсіз елдер
ассимиляцияға ұшырап, өз-өзінен жойылып отырады.
🠶Қирату құралы – әскери потенциалдың шамадан тыс артуы және жетілуі.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ


«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі
Тұрақты даму концепциясының негізгі тұжырымдары
    • Адамдар табиғатпен үйлесімді түрде, экологиялық сауаттылық пен салауатты өмір сүру құқығына ие болуы керек;
    • Қоршаған ортаны қорғау қоғамның даму үрдісінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет, сондықтан оны жеке-дара қарастыру мүмкін емес;
    • Қоршаған ортаны жақсарту мен сақтау қажеттілігін қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың алдына қойылатын мақсаты ретінде қарастыру керек;
    • Елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және кедейшілік пен қайыршылықты жою;
    • Елдер тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың осы мақсатқа кедергі келтіретін, мәселелерін мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет