Юнеско шешімімен Əлихан Бөкейхановтың мерейтойының атап өтілуі
«Бүкіләлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп танылған Әлихан Бөкейханов кім?
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ОРМАНТАНУШЫ, ЭКОНОМИСТ, МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІ ҒЫЛЫМИ ЖОЛҒА ҚОЮШЫ, ТАРИХШЫ, ЭТНОГРАФ, ӘДЕБИЕТТАНУШЫ, АУДАРМАШЫ ӘРІ ПУБЛИЦИСТ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ РУХАНИ ТАРИХЫНДА ӨШПЕСТЕЙ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА, АЛАШ ПАРТИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, АЛАШ АВТОНОМИЯСЫН ҚҰРУШЫ, АЛАШ ҮКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТӨРАҒАСЫ. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (05.03.1866 - 27.09.1937) - соңғы хан-сұлтандардың бірі - Бөкейдің тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген.