-паренхиматозды диссеминация (сүзектифозды граниулемалар түзілуі) -қоздырғыштың сыртқы ортаға шығуы (нәжіспен, зәрмен, қақырықпен, термен т.б.) -өт жолдары арқылы қоздырғыштың ащы ішекке қайталап келуі -аллергиялық реакциялар -иммунитет қалыптасуы мен аурудың соңы -сауығу Клиникалық жіктелуі Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезеңі 3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн. Типті түрінде инфекция біртендеп басталады. Негізгі клиникалық көріністері: Қызба 39-40С-ке дейін көтеріледі, көбінесе тұрақты түрде (кейде дұрыс емес немесе ремиттирленген), ұзақтығы 2-3 аптаға дейін Қызбаның 3 түрі байқалады: Вундирлик қызба сызығы (трапеция тәрізді, тұрақты түрі) Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді) Кюльдишевский қызба сызығы (баспағыш тәрізді) Интоксикация: басының нақты ауруы, ұйқысының бұзылуы, адинамия, апатия, сананың тұмандануы, енжарлық. Орталық нерв жүйесі жағынан әртүрлі дәрежедегі тифозды статус белгілері (тежелу, көңілсіздік, мимикасының азаюы, кейде сандырақтау, елестету, ориентациялық бұзылуы)
Достарыңызбен бөлісу: |