Қан алу. - Қан сол қолдың төртінші саусағынан немесе шынтақ венасынан алынады. Ол үшін қанды бір рет қана қолданылатын скарификатор – инелермен алу міндетті. Спиртпен , кейін эфирмен сүртіп дайындап, саусақтың басын жұмсақ жерінен теседі. Алғашқы қан тамшысын құрғақ мақтамен сүртіп тастайды.
Гемоглобин. - Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |