Пациенттің және оның отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат
Пациенттің құқықтары:
*Құрметпен қарауға, қысымшылықтан қорғану еркіндігі;
*Жеке өмірінің дербестігі;
*Тегін медициналық көмектiң кепiлді көлемiн алу құқығы;
*Аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану бойынша шараларды жүргізу құқығы;
*Медициналық көмек, сапасы мен қауіпсіздігіне қолжетімділік құқығы;
*Толық ақпарат алу және ақпараттандырылған шешім қабылдау құқығы;
*Таңдау еркіндігі құқығы;
*Ақпаратты жарияламау құқығы;
*Қорғау және қауіпсіздігі құқығы;
*Қандай да бір мүмкiндiк шамада дерт зардабын жеңiлдетуді сұрау құқығы;
*Репродуктивтік денсаулығын қорғау құқығы;
*Арыз-шағымдар жасау құқығы;
*Пациенттің өміріне зиян келтірілген жағдайда шығынның орнын толтыруға.
Пациент міндетті:
өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
медициналық араласуға келісім бергеннен кейін диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
ол жатқан медициналық ұйымның ішкі тәртібінің ережелерін сақтауға, медициналық көмек алу кезінде медициналық персоналмен ынтамақтастық жасауға, денсаулық сақтау ұйымының мүлкін ұқыпты сақтауға;
диагностика мен емдеу процесінде өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы, айналасындағы адамдарға қатері бар аурудың орын алуына күдіктенсе немесе ол бар болса, медициналық қызметкерлерді уақтылы хабардар етуге;
басқа пациенттердің құқықтарын бұзуы мүмкін іс-әрекет жасамауға.
Ауруханаға түскен науқас пен оның туыстарын ауру диагнозы да ,оның болжамы да қызықтырады .Сондықтан дәрігердің науқас туыстарымен әңгімелесуі үлкен өнерді ,сыпайылықты ,шеберлікті талап етеді. . Туыстарына науқасқа бар жағдай жасалынатындығын, ол назарсыз жəне көмексіз қалмайтындығын барынша түсіндіру қажет. Болжам туралы абайлап айту керек, себебі əрбір аурудың өз ағымы болады жəне емнің әсерінен бастапқы болжамдар өзгеруі мүмкін .Тікелей ашық айту әрқашанда орынды бола бермейді және кейде туыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін .Онсыз да үрейленіп тұрған адамдардың психикасын жараламау үшін әрбір сөзді салмақтап айтқан жөн !
Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді емшараларын тағайындап,іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесені байланысты. Ал, дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін қалай бағалауға болады?
Ø Қатынас кезінде дәрігер қолданатын вербальды және вербальды емес сұқпаттасу құралдарын қаншалықты жоғары дәрежеде қолдана алды?
Ø Науқас адаммен қатынаста өзіне деген сенімділікті тудыра алдыма?
Ø Жедел жағдайдағы науқастарды қабылдау кезінде, оларға жедел жағдайынан шығуға қанщалықты көмектесе алды.?
Ø Дәрігер созылмалы сырқаттармен дұрыс жұмыс жүргізе ала ма?
Ø Науқасқа, оның жақындарына қайғылы ақапартты жеткізуді жоғар деңгейде жүргізе алады ма және отбасына қаншалықты қолдау көрсете алады.?
Ø Өз әріптестерімен сыйластықпен қарап, жақсы қарым-қатынас орната алады ма ?
Ø Орта және кіші буынды медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болды ма?
Достарыңызбен бөлісу: |