II-ші реттік қоспаларға жататын күрделі коспалар (молекулалардан немесе иондардан құралады). Олардың арасында координациялық немесе донорлы-акцепторлы байланысы болады
II-ші реттік қоспаларға жататын күрделі коспалар (молекулалардан немесе иондардан құралады). Олардың арасында координациялық немесе донорлы-акцепторлы байланысы болады.
Сондықтан: КҚ дегеніміз - бұл кристалды тордың түйіндерінде орналасатын күрделі бөлшектер (комплексті иондар), балқыған немесе еріген жағдайына ауысқан кезде өздерінің қалпын сақтайтын қосылыстар және құрамында бір донорлы-акцепторлы байланысы бар заттар.
Мысалы:
K[ Ag(CN)2] ↔ K⁺ + [Ag(CN)2]⁻
КҚ химиялық байланыстың табиғаты Қазіргі кезде комплексті қосылыстарда байланыстың табиғатын қарастыратын үш теориялық әдісі бар:
Валенттік байланыс әдісі
Кристалдық өріс теориясы
Молекулалық орбитальдар әдісі
Валенттік байланыс әдісі (ВБӘ)бойынша орталық атом мен лиганд донорлы-акцепторлы жол мен байланысады. Орталық атом байланыс түзуге бос орбитальдарын, ал лиганд пайдаланылмаған электрон жұбын жұмсайды. Мысалы: : [ Co(NH3)6 ] 3+