Презентация тақырыбы-тема презентации -theme of presentation
Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.
(Ұ, Ж) Практикалық жұмыс. Тапсырма: Оқушылар алдымен А) пунктіндегі тапсырманы орындап яғни перзентацияға дыбысты кірістіру жолдары туралы естеріне түсіріп, әңгімелейді. Содан кейін Б) пунктіндегі «Жануарлар мен өсімдіктер-табиғат байлығы» тақырыбында презентация жасайды.
А) Перзентацияға дыбысты кірістіру жолдарын есіңе түсір. Әңгімеле.
Б) «Жануарлар мен өсімдіктер-табиғат байлығы» тақырыбында презентация жасаймыз.
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау
- Перзентацияға дыбысты кірістіру жолдарын әңгімелейді.
-«Жануарлар мен өсімдіктер-табиғат байлығы» тақырыбында презентация жасайды.
«Менің жұлдызым» әдісі
(Т) Дәптермен жұмыс. Тапсырма: Табиғатты қорғауға арналған «Табиғат тазалықшылары» тақырыбында 4 слайдтан тұратын презентацияны жоспарлаңдар. Презентацияны жоспарлауда төмендегілерге назар аударыңдар:
Орман, дала, бау-бақшалардағы санитар жануарлар мен құстар;
Табиғат тазалықшыларының табиғатты сақтаудағы рөлі;
Жануарлар мен құстардың дауысын енгізу, суреттерге анимация қолдану.
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау
- Табиғатты қорғауға арналған «Табиғат тазалықшылары» тақырыбында 4 слайдтан тұратын презентацияны жоспарлайды.
-Презентация жоспарын талап етілген нұсқау бойынша жасайды.