2-сурет. Жолақтың Дизайн бөлімі
3-сурет. Слайдтың түстер сызбасы
Безендіру шаблоны. Ол тұсаукесердің маркерлері мен әріптерінің түрін және мөлшерлерін, қоршау сызықтарының мөлшерлерін және орналасу орнын, фондық суреттерін және фонды безендіру параметрлерін, түстер сызбасын, слайдтарының үлгілерін және тақырыптарының қосымша үлгілерін бірге есептегендегі мәнерінен тұратын файл.
VІ. Дидактикалық момент-1: Ұлттық ойындарға арналған презентация құру.
Дидактикалық момент-2:Ребус шешу.
Дидактикалық момент-3: Тесттік тапсырмалар
І-нұсқа.
Тұсаукесерлер құруға арналған программа қалай аталады?
мәтіндік процессор
графикалық редактор
операциялық жүйе
тұсаукесерлер құрушы конструктор
Microsoft PowerPoint программасын қалай іске қосамыз?
Бастау Программалар Microsoft Office Microsoft PowerPoint
Бастау Программалар Стандарттық
Бастау Программалар СтандарттықҚызметші
Бастау Программалар Microsoft Word
Әр слайдпен жеке жұмыс істейтін қарау режимін таңдаңдар:
Сұрыптауыш
Әдеттегі
Слайдтар көрсету
Ескертпе беттері
Жолақтың қай тіркеме бетінде қарау режимдерін ауыстыруды орындайды?
Басты
Түр
Дизайн
Кірістіру
Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?
Office батырмасы Құру
Басты Құру
Басты Бос тұсаукесерді құру
Басты Бос тұсаукесерді шаблоннан құру
Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді?
Басты
Кірістіру
Дизайн
Түр
ІІ – нұсқа.
Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?
Басты Слайд құру
Дизайн Слайд құру
Office батырмасы Слайд құру
Басты Макет
Жаңа тұсаукесердің бірінші слайды құрамына кіретін әдеттегі макет;
Тақырып және нысан
Титул (алғашқы бет)
Бөлімнің тақырыбы
Екі нысан
Ағымдағы слайдты жою бұйрығы
Басты Слайдты жою
Дизайн Слайдты жою
Office батырмасы Слайдты жою
Басты Макет Слайдты жою
Жасырын слайд қалай жұмыс істейді?
Ол тұсаукесердің ешбір қарау режимінде көрінбейді
Тек сұрыптағыш режимінде көрінеді
Әдеттегі режимде және сұрыптағыш режимінде көрінеді
Тек тұсаукесердің көрсетілуі режимінде көрінеді
Бірнеше іргелес слайдтарды қандай пернемен ерекшелейді?
Shift
Alt
Ctrl
Capslock
Фонның құйып бояуының түсін өзгерту үшін қандай бұйрықты шақыру керек?
Дизайн Фонның мәнерлері Фонның пішімі
Дизайн Беттің параметрлері
Дизайн Түстер сызбасы
Тақырып
VII. Сабақты қорытындылау. Сабақ кезінде орын алған кемшіліктерді толықтыру.
Microsoft PowerPoint программасын қалай іске қосамыз?
Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?
Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді?
VІІІ. Үй тапсырмасы.179-189 беттер. § 27-28 оқу. Презентация құру.
Сабақты бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |