Өзіндік жұмыстарды орындауға
Талаптар
1. Жазбаша жұмысты орындау кезінде келесі талаптар сақталуы тиіс:
шрифт-кегль 14,"Times New Roman"
Жоларалық интервал -1.
Сөздер арасындағы интервал - 1 белгі.
Азат жол шегінісі – 1,25.
Тегістеу-ені бойынша .
Беттің форматы-А4 (210Х297 мм), 1 беттен кем емес.
Шеттері: жоғарғы - 2 мм; төменгі-2 мм; сол – 2 мм; оң – 2 мм
2. Презентация "Microsoft PowerPoint"бағдарламасында ресімделеді.
3. Орындалған тапсырмалар өзіндік жұмысты бағалау өлшемдеріне сәйкес болуы тиіс.
Талаптар
презентацияны ресімдеуге
* Бірінші слайдта тыңдаушы туралы ақпарат міндетті түрде көрсетіледі ( Т. А. Ж., білім беру ұйымының атауы) )
* Шрифт-кегль 14,"Times New Roman"
* Слайдтар 5- тен көп емес.
* Таңдалған тақырыпқа сәйкестігі.
* Слайдта мәтін аз, көп графикалық ақпарат (ИНФОГРАФИКА, фото, суреттер, схемалар және т.б .) болуы тиіс.
Талаптар
Өзіндік жұмысқа
1. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы: оқу курсының берілген тақырыбы мен қосымша әдебиеттерін өз бетінше зерделеуді, вебинарға, online-кеңестерге, online-форум мен пікірталастарға қатысуды, эссе, презентацияларды орындауды көздейді.
2. Тыңдаушы өз бетінше жұмыс істегенде:
- өзекті мәселелерді талдайды және берілген тақырып бойынша қорытынды жасайды;
- оқылатын тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, бір-бірін бағалайды;
- өзінің педагогикалық тәжірибесінен мысалдар келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |