Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы Орындаған: кад 20-1 тобының студенті Қасымтай Аружан Тексерген: Анапияева Г
Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы Орындаған: КАД 20-1 тобының студенті Қасымтай Аружан Тексерген:Анапияева Г. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2004 ж., 19 наурызда «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн,Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн » атты жолдауын жолдады. 2003 жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды. Қазақстан аса iрi әлемдiк форумдар өтетiн орынға айналды: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi бiзде өттi. Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын “Қазақстан-2030” ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келедi.Ендiгi жерде күн тәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердiң, бизнесшiлердiң, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр.
Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек.