Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы Орындаған: кад 20-1 тобының студенті Қасымтай Аружан Тексерген: Анапияева Г



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі26,92 Kb.
#87747
1   2
Байланысты:
Президенттің ел халқына жолдауы. №8 Семинар ҚҚЗТdocx

1. Бәсекеге қабiлеттi экономика Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi.Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.
Елбасы Н.Назарбаев бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiледи.Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс:
– экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;
– Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
– Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
– ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
– инфрақұрылымдарды дамыту.
Елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр. Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің Үшінші жаңғыруын жүзеге асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі іске асырылатын болады. Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту ең өзекті міндеттердің бірі болып отыр.
Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының идеясы – еліміздегі конституциялық, экономикалық реформалардың заңды жалғасы. Мақалада жаңа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен әрі қарай дамытудың нақты жолдары ұсынылған.
Аталған мақала – еліміздің, ұлтымыздың таяу жылдардағы қоғамдық-саяси, тарихи, мәдени, рухани салаларының барлығында болашақ даму жоспарын анықтап, айқындап берген бағдарлама. Қайта түлеудің саяси және экономикалық екі үдерісіне байланысты нақты мақсат-міндеттер, басымдықтарды талдап, талқылап, түсіндіріп, тіпті қалай жүзеге асырудың жолдарына дейін баяндалған. Тәуелсіздік кезеңіндегі атқарылған зор істерге де баға берілген.
Мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Оның бағыттарының бәрі өзектендірілген және уақыт талаптарына жауап береді.
Жедел өзгеріп және дамып отырған мына дүбірлі дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыруымыз абзал. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылықтарымыздан бастау алады. Сол себепті мына өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыруымыз қажет.
Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілері анық. Жоғары оқу орындарында ол одан әрі тереңдетілуі тиіс. Сондықтан ата-ана да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарының ұстаздары да ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны абзал.
Сонымен қатар, әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың экономикада ғана емес, рухани әлемде де озық болу қажеттілігіне қарай Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынды.
Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады. Байлыққа, табысқа сол кенеледі. Сол халықтың жұлдызы оңынан туады.
«Мәңгілік ел» болуымыз үшін қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Мемлекет басшысы: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» деп толымды тұжырымдарымен бөліседі. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады.
Еліміздің жоғары жетістіктерге жетуіне тек оның табиғи байлығы емес, адамдарының білімі мен бәсекеге қабілеті, адами құндылығы, денсаулығы, ұлттық болмысы да ықпал етеді.
Бәсекелестікке қабілеттік жолында Мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор. Себебі дамып келе жатқан жаңа технологиялар біздің өмірімізді жеңілдетеді, дамуымызды жылдамдатады. Бағдарламаның негізгі мақсатына сәйкес, елімізді цифрландыру арқылы мемлекет экономикасын дамыту және халық өмірінің сапасын жоғарылату мақсаты алға қойылған.
Электрондық сот төрелігін жаңғырту болашақ сот жүйесінің даму бағыттарының бірі болып айқындалды. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдетіп, оңтайландырады және автоматтандырады, ең бастысы, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары Жоғарғы сот заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электрондық іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарған. Қазір күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар мен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған.
Олардың бірі – 2014 жылы енгізілген электрондық сот ісін жүргізуге ауысудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі. Бұл сервис азаматтардың үйден шықпай-ақ елдің кез келген сотына талап арыз беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тағы да басқа 50-ден астам электронды қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.
Аталған сервистің қолдану нәтижесінде республика әскери соттарына 2017 жылдың 9 айында талап арыздардың 99 пайызы электронды түрде түскен (2016 жылы – 76 пайыз). Бұл көрсеткіш халық арасында сервистің үлкен сенімге ие болғанын дәлелдейді.
Сонымен қатар, сот жүйесінің тағы бір айқын жетістіктерінің бірі ол сот отырыс залдарын 100 пайыз дыбыс-бейне тіркеу құрылғысымен жабдықтау болып табылады. Барлық сот процесін тіркеу – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған өзекті мәселелерінің бірі.
Осы жүйенің артықшылықтары туралы айта кетсек, дыбыс-бейне тіркеу құрылғысы барлық процеске қатысушыларды тәртіпке салатынын, сондай-ақ сот отырысын жүргізу барысында туындайтын даулы кездерін шешу кезінде көмек көрсететінін атап өту қажет. Сондай-ақ, сот отырыстарының уақытылы басталуын бақылауға, сот отырыстарының хаттамаларын қысқа түрде жазуға мүмкіндік береді.
2017 жылғы 9 ай ішінде гарнизондардың әскери соттары сот процестерінің 96 пайызы дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолданып жүргізген.
Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда көрсетілген жаңалықтарды енгізу сот төрелігінің жүзеге асыру процесін жеңілдеткен.
Демек, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 30 елдеріне кіруі бойынша мақсатқа жетудің өзекті факторы болуы тиіс.
Қорыта келе, Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш екенін айта кету керек. Өйткені рухани байлықтың кемел болғаны – бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.
Сондықтан біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта ұлттық құндылықтарымызды сақтай отыра, жаңа жағдайға бейімделіп рухани жаңғырумыз керек. Нәтижесінде жақын болашақта еліміз біртұтас ұлт ретінде өркениет көшінің алдыңғы қатарына қосылатынына сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет