құрал бар: бірі – ізгілікті амал-айла, ізгілікті құрал; екіншісі – залымдық амал-айла,
залымдық құрал. Ақынның жанын ауыртып, жүрегін сыздататын ауыр зілдің өсіп-
өнген өзегі адамдардың малды, дүниені оларға табынып, құл болып іздеуі және осы
өзек бойымен іздеген жоғын табу жолында таңдап алған амал-айлалары, құралдары
болды: а) ұрлық; ә) алдау; б) зорлық; в) өтірік; г) өсек; д) жалақорлық; е) пәлеқорлық;
ж) парақорлық, т.б.
А
А
Ақынның дүние тіршілігінен көргендері мен көңіліне түйгендері оны
күйзелтпей, түңілдірмей қойматын қайшылықтар еді. Абай түңіле,
күйзеле отырып та елінің болашағын ойлайды, елдің өсер өркенін оң
жолға бастар ғибратын айтады, даналық үлгі көрсетеді. Заманның,
қоғамның, елдің, адамның болмысын тану, оның түбіне терең бойлау
Абайдың дүниетанымына, дүниеге көзқарасына айрықша философиялық
мазмұн дарытты. Ақынның концептуалдық қағидаларының негізі терең,
толық болып тұжырымдалуының, тұтаса келе бірбүтін жүйеге, ілімге
айналуының сыры осында
А
Абай өзінің ілімі аясындағы ойлары мен пікірлерін әлеуметтік-этикалық, философиялық
көзқарасынан таратып айтты және солардың бәрі дәлелді, тиянақты, кемел болмысымен
ерекшеленді. Мұндай кемел ілім Абайдың заманында бір-ақ адамда болды. Ол – Абайдың өзі.
Ақын сол ілімі арқылы адамзат ақыл-ойының кеңістігінде өзінің ұстанымдары мен
қағидаларының біртұтас жүйесін қалыптастырды, ол жалпыадамзаттық рухани құндылыққа
айналды.
Абайдың ілімінде өлшем категориясының алатын орны үлкен. Ақын: «Әрбір жақсы нәрсенің
өлшеуі бар, өлшеуінен асса, жарамайды. Өл-шеуін білмек – бір керек іс» [3, 222]. Дүниенің
Достарыңызбен бөлісу: |