Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"


-мақсат: Мемлекеттік тілді дамыту



бет12/24
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#7803
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
5-мақсат: Мемлекеттік тілді дамыту
Қойылған мақсатқа жету жолындағы барлық жұмыстар «Тілдер туралы» Заңға сәйкес жүргізілді.
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2005 жылдың 24 қыркүйегіндегі № 42/3 қаулысына сәйкес қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі ісжүргізу жұмыстары мемлекеттік тілге аударылды. Барлық мемлекеттік мекемелердегі кіріс-шығыс құжаттарды мемлекетік тілде жүргізу жұмыстары бақылауға алынды. 2013 жылы мемлекеттік тілде ісжүргізу жұмыстары көлемінің 10% артуы, Қарағанды қаласы әкімінің 2013 жылдың 19 наурызындағы "Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту және 2013 жылғы міндеттер туралы" №14/73 қаулысының шығуымен байланысты.
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар санының үлесі өткен жылмен салыстырғанда 1% өсті. Бұндай көрсеткіш көрсетудің бірден-бір себебі Қарағанды қаласындағы орталықтанған кітапхана жүйесінде мемлекеттік тілді оқытатын лингофондық-мультимедиалық кабинеттің ашылуы.
"Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-де мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тілді және басқа тілді дамыту мақсатында көптеген ісшаралар өткізілді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру мен насихаттау мақсатында жыл басынан бастап: 3 семинар, 3 дөңгелек үстел, 9 байқау және Славян жазу күніне, Тілдер күніне арналған 2 қалалық мереке, әлеуметтік зерттеу жұмыстары өткізілді.
"Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-мен біріге отырып жергілікті БАҚ-та мемлекеттік тілді оқыту мен дамыту мақсатында насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Тілдік кедергілерді жеңу, мемлекеттік мекемелердегі ісжүргізу жұмыстарындағы мемлекеттік тілдің қызметін арттыру, сыртқы көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы қателіктердің көрсеткішін төмендету мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр.


Дене шынықтыру және спорт




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет