Құрылыс
2-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту
Пайдалануға енгізілген 2013 жылғы тұрғын үйлердің жалпы алаңы 152,5 мың ш.м.., бұл жоспардың 101,2%, құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 122,5%.
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының құрылысы бағдарламасы бойынша Күзембаев көшесіндегі №82/2 тұрғын үйдің, Бирюзов көшесі, 41 мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үйдің, Шахтерлар даңғылы, 36/1 мекенжайындағы кредиттік тұрғын үйдің құрылыстары аяқталды, емхана ғимаратын жетім балаларға және әкімшілік үй-жайларына арнап қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру аясында Белинский көшесі, 1, 2, Күзембаев көшесі, 82/2, Бирюзов көшесі, 41 мекенжайлары бойынша жалға берілетін тұрғын үйлерге инженерлік желілер, Шахтерлер даңғылы, 36/1 мекенжайындағы тұрғын үйге сыртқы желілер салу бойынша жұмыстар жүргізілген.
Жылу энергетикасы жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша Қарағанды 1-ЖЭО күл-қож қалдықтарын құрғақ қоймалау үшін №2 күл үйіндісі бойынша жұмыстар аяқталды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында Ермеков көш., 9-ы.а. 5-блок мекенжайындағы тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Тұрғын үйді енгізу көрсеткіші 1 адамға шаққанда 0,31 ш.м.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 54040,0 млн. теңге құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 101,5%.
Жол және көлік
Достарыңызбен бөлісу: |