Примерные



бет42/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Қысқа мерзімді жоспарлау

Тәрбиешілер балалардың қандай да бір пайда болған мүдделерін, сондай-ақ туындайын немесе туындауы мүмкін кез келген мәселелерін талқылауға тиіс. Талқылау негізінде белсенділік орталықтарында жүргізілуге тиісті нақты жобаларға немесе өзгертулерге байланысты шешімдер қабылданады. Мұнан басқа қандай да бір іс- әрекеттерді ұйымдастыруға, қажетті материалдарды таңдауға және әзірлеуге кімнің жауапты болатындығы анықталады. Сондай- ақ тәрбешіге тікелей топта көмектесксі келетін қандай да бір отбасы мүшелеріне қандай кеңес еру, оларды қалай әзірлеу және олардың жаңа рөлде өздерін жақсы сезінуін қалай қамтамасыз ету қажеттілігі туралы да талқыланады. Тәрбиешілер балалармен жеке жұмыс істеуге уақыт бөле отырып, өздерінің бір күн ішінде атқаратын міндеттері жөнінде де келіседі. Белсенді және тыныштық уақытының, қызметтің құрылымдық, не құрылымдық емес кезеңдерінің арақатынасы жоспарланады. Туған күн мен мерекелер сияқты оқиғаларды ұйымдастыруың жобалары мен жоспарлары жасалады. Тәрбиешілер кімнің кітапханаға баратыны, кімнің ата- аналарды шақыратыны, сондай- ақ көлемі қатер төндіретіндей ұлғайып бара жатқан тұмауға байланысты ақпаратты кімнің алуға тиіс екендігі туралы келісімдер жасасады. Олар отбасылардың қатысуы көзделген шараларды жоспарлайды және ата-аналарына сәбидің үйде ойнағысы келетін ойыншығын дұрыс таңдап алуға көмектесетін жазбаша хабарламаларды жібереді. Олар әрбір сәбидің жетістіктерін талқылайды және олардың әрқайсысы және тұтас топқа арналған мақсаттарды белгілейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет