Примерные


« Тәй – тәй » технологиясы бойынша ұйымдастырылатын сабақтардың ерекшеліктері



бет50/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

« Тәй – тәй » технологиясы бойынша ұйымдастырылатын сабақтардың ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім-дағды деңгейін кеңейту, сана, сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылығын арттырып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажеттігіне көз жеткізілді. Дегенмен, қазіргі балалардың даму деңгейі бұрынғы көрсеткіштерден озықтығын, білуге, білімге ынталы екендігін соңғы күндерде педагогика, психология саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр.

Сол себепті балалардың теориялық ойлау операцияларын дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғынып, оның себеп-салдарын, заңды байланыстарын таба білуге, қарапайым логикалық ой қорытындыларын жасауға үйрету, баланың психо-физиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағынан дамыту, сезім, таным, ерік әрекеттерін барлық жағынан жетілдіру, мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне дайындау, тәрбиелей отырып, қарапайым білім негіздерін меңгерту, дамыта оқу ісіне баса көңіл бөлінуде.

Бұгінгі күнде мектеп жасына дейінгі балабақшадағы педагогтар өз жұмысын тұжырымдамаға сәйкес үйлесімді жаңарту барысында «Тәй-тәй» бағдарламасын, оның оқу-әдістемелік кешенін негізгі бағытқа алып отыр.

Жаңа қоғамға лайық тұлғаны қалыптастыру, баланың жас ерекшелігін, даму ерекшелігін, айрықша қабілеттілігін ескере отырып, ұлттық сананы баланың сәбилік шағынан орнықтыру міндеттері « Тәй-тәй » бағдарламасында айқын көрсетілген.

Осыған орай, біздің мақсатымыз бағдарлама мазмұнын тақырыптық жүйеде көрсету арқылы балаға меңгерілетін білім мазмұнын айқындап, тәрбиешінің бағдарламамен жұмыс істеуін жеңілдету.

Әрбір тәрбиеші-педагогтың қазіргі уақытта алдында тұрған негізгі мақсаты - жеке қызмет практикасы мен шағын және үлкен топтар құрамындағы қызметті қамтамасыз ету кезіндегі бүлдіршіндердің әлеуметтік, интеллектуалдық және эмоционалдық дамуын қалыптастыру.

Балаларды сабақтарға және ойындарға қызықтырып тартатын көрнекі құралдар арнайы белсенділік орталықтарында орналасқан. Осы мәселеге тоқтала кетсек, бүлдіршіндер орталықтарда және шағын топтардың құрамындағы табиғи түрдегі өзара іс-қимылды туғызады, осы процесс барысында балалар проблемаларды шешеді, шешім қабылдайды, өзін танытуға талпынады, өздерінің арасындағы айырмашылықтарды жете түсінеді, бұрынғыдан да тәуелсіз бола түседі және білімдерімен әрі шеберліктерімен алмасады. Осы мақсаттарды орындау барысында, сабақтарға қатысу кезінде орталықтарда орындалған іс-әрекеттер, оларды тәрбиеші және ассистенттердің балаларға жеткізуі, тапсырмаларды орындау кезінде әртүрлі жолдарды пайдаланып отырды және қызметтің түрі ерекше бағаланып отырылды.

Педагогикалық тәжірибе бірте-бірте «Тәй-тәй» әдістемелік лабораториясына айналуы тиіс. Өйткені, лаборатория-шеберханада тәрбиешілер өз ойларын, шығармашылық қабілеттерінің әр түрлі жолдарын көрсете, басқамен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болады.

Келесі міндеттеме, педагогикалық жұмысты индивидуализация жолымен, жаңадан ойлап табылған нәрселермен байыту және бағдарламаға тартылған балалар мен ата-аналардың мүдделеріне бейімдеуге тиіс.

Жалпы оқу-тәрбиелік бағыттарына қадағалау жасау кезінде бүлдіршіндердің ана тілін меңгерудегі сауаттылығына, қарапайым математикалық ұғымдарына және ғылым орталығында қарапайым зерттеу, тәжірибе жұмыстарын жасау кезінде табиғат құбылыстары жөнінде олардың заңдылықтарымен танысып, логикалық ойлану, білуге құштарлық, байқампаздық сияқты қабілеттері қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді бақылау келесі көрсеткіштер бойынша өткізіледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет