Тұлғаны дамытудың керемет мүмкіндігі ұйымдастырылған құм мен су орталығында ұсынылған. Сәбилер құммен ойнағанды жақсы көреді, құмды алақанға салып, құмда сурет салу, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып, кеме жіберіп ойнағанды ұнатады. Құм және сумен тәжірибелер баланың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оның заттар туралы түсініктерін кеңейтеді.
Құрылыс орталығы.
Топ бөлмесі кеңістігінің ең белсенді жинақы бөлігі. Орталықты ұсақ (үстелде ойнайтын) және ірі (еденде ойнайтын) құрылыс материалдары және қосымша материалдар, ойыншықтармен(ағаштар, ойыншық адамдар мен жануарлар, цыдыс-аяқтар ж/е т.б.), құрастыру құрылыс ойындарының туындауына іспеттесетін түрлі құрастыру детальдары бар конструкторлармен жабдықтау.