Примерные


«Тәй- тәй» бізге не береді?



бет34/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

«Тәй- тәй» бізге не береді?
«Тәй- тәй» бағдарламасының міндеті – балалардың бірегей қабілеттерін дамытуға бағытталған айрықша әдістерді пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен білім беру істерін қолдау әрі дамыту, балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу, олардың өз бетінше оқып үйренуге үнемі талпынысын қалыптастыру. Бұл бағдарлама көрнекті психологтар Жан Пиаженің, Эрик Эриксонның, Лев Выготскийдің т.б. теорияларына негізделген. Бағдарлама балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, өз шамаларымен білім табуын көздейтін белсенділік орталықтарда әрекет жасатады. Бүгінгі күндері Қазақстанның білім беру жүйесі демократиялық бағытта жаңара, еліміде демократияға үйретудің құралы болып табылады. Әлемдік педагогиканың дәстүрлеріне негізделген осындай инновациялық технологиялардың бірі «Тәй- тәй» инновациялық технологиясы болып табылады.

Әлемнің 28 мемлекеті бүгінгі күні осы технологияны мектепке дейінгі және бастауыш буындар мен XXI ғасыр балаларына білім беруде жаңа білімді педагогтар дайындау үшін колледждер мен институттарда арнайы курстар ретінде енгізіліп отыр. Бұл бағдарлама негізгі үш бағытқа негізделген. Олар: конструкционизм- баланың дамуына тәрбие практикасының сәйкестігі, прогрессивтік білім беру. Конструкционистер- бала өзін қоршаған ортаны танып, білуге ұмтылғанда, сондай- ақ қоршаған ортамен өзара қатынас үрдісі ретінде қызмет атқарады. Әлемтануды балалардың өздері қалыптастыруға тиісті болғанымен, арадағы байланыстырушы және көмекші рөліндегі ересек адамдардың орны аса маңызды. Тәрбиешілер ұжымы баланы әртүрлі құралдармен қамтамасыз етуге, көмек көрсетуге, оның іс- әрекеттеріне басшылық етуге және оқытудың тиімді болуын күшейту үшін оның ынта- ықыласын қолдауы керек. Баланың дамуын ескеретін бағдарлама, баланың қалай дамып, бұл дамудың белгілі бәріне ортақ кезеңі бар екенін түсіну арқасында, сонымен бірге әрбір баланың дара тұлға екенін мойындауға негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет