Примерные



бет61/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Психологиялық комфорт. Біріншіден, күйзеліс туғызатын факторларды шешу,екіншіден, шығармашылық белсенділікке себепші болатын атмосфераны жасау; үшіншіден, комфорт принципі ішкі мотивтерге,әсіресе жетістік мотивациясына, көркемдік-эстетикалық даму бағыты бойынша үнемі алға жылжуға сүйенуді қажет етеді.

Тәрбиеші жұмысының ең қиыны–жеке тұлғалық-педагогика негізінде бала және педагог арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру. Егер тәрбиеші оқу-тәртіптік тәрбие моделінен тұлғалық-бағдарлы тәрбиеге көшпесе ешқандай тамаша бағдарлама көмектеспейді.

Тәрбиеші баланы өзінің проблема, қызығушылығы, қалауымен тең дәрежеде қабылдауы тиіс, күн тәртібімен байланысты оқу тапсырмаларды тәртіптік бұйрықтармен шектемеу керек. Тәрбиеші баламен, үйдегі жұмыстары,көңіл-күйлері туралы жиі әңгімелесіп, балабақшадағы күнделікті өмір жоспарымен бөліседі. Осындай қарым-қатынастарда күнделікті өмірдегі сәттерді пайдалану: әзілдер, балалар түсінетін проблемаларымен бөлісу. Бір сөзбен айтқанда, тәрбиеші ол кәдімгі адам екенін көрсете алады.

Тәрбиеші топта негізгі роль атқарады: ол түсіндіреді, әңгімелейді, үлгілерді көрсетеді, балалардың іс-қимылын бақылап, түзейді. Тәрбиеші жұмыс жасайды, ал балалар болса орындаушылар болады. Ас ішуге педагог айтқан жағдайда ғана отырады, ойынды дөғарып сабақтарға өкінішпен кіріседі, өзіне ұнаған нәрсенің суретін салмай шыршаның суретін салады. Бұл жерде сұрақ туындайды: балалардың іс-әрекетінің мәні неде? Өйткені тәрбиешілер өздерінің беделіне сеніммен қарап,балалар оларды тыңдау керек екен деп ойлайды, ересек адамдар шұғылдауға ұсынған іспен қызықты ма әлде жоқ па айналысу керек деп ойлайды. Ересек адамға тыңдайтын бала ыңғайлы, өйткені ол жоспарланған жұмыс барысын бұзбайды. Топтағы эмоционалды-психологиялық ахуалды анықтауға ақпаратталған жобалау суреттеу әдістері көмектеседі. Бір және бірнеше затты бейнелей келе,бала еріксіз, кейде санамен оған деген қатынасын білдіреді. «Менің сүйікті тобым» тақырыбындағы жобалау суреттеу әдісі «Отбасы суреті» сынамақтың түрлендіруі болып табылады. Оның мақсаты- баланың балабақшада келіп кету уақытында эмоциялық жайлық дәрежесін анықтау. Жобалау суреттеу әдістерін өңдей келе негізгі ұстанымдар және белгілерге сүйенеді, топтағы қолайлы эмоциялық ахуалдың,тәрбиеші мен бала арасында сенімді қатынастар болған жағдайда, суреттерде өзін, басқа балаларды және тәрбиешіні бейнелейді. Суреттегі педагогикалық процестің субьектілерінің болуы мектеп жасына дейінгі баланың балабақшаға деген жағымды көзқарас көрсеткіші болып табылады. Дәл осы көрсеткіш бала жұмыстарының таптастыруға негіз болды. Бақылай келе, балалар суреттерінде немесе түсіндіру кезінде тәрбиешілер үстел басында бір жағында отырады,келесі үстел-ересек адам өз ісімен айналысып отырады, кедергі ретінде шығады. Кейбір суреттерде ересек адамдар мүлде бейнеленбейді.Балалар тапсырманы салған кезде топта: «Сен, басқа балалар және тәрбиешілер қайда?» деген сұраққа балалар «жазаланды және ұйықтап жатыр» деп жауап берді, үстел басында тыңдамады, ал тәрбиеші топ ішінде жүр. Кей кезде қарапайым суреттерді талдай келе, балалар жиі эмоционалды дискомфорт сезінеді, тәрбиешілермен іс-әрекетте өзіне серіктесті көрмейді, құрдастарымен қатынас кезінде қиыншылықтарды сезінеді. Балабақшадағы эмоционалды қолайлық туралы айтуға әлі ерте. Осы жағдайдың болмау себебі тәрбиешілер балалармен жылы эмоциялық қарым-қатынас орната алмауы, түсінуге ынта білдірмеуі, әрбір бала үшін жақын адам болуға тырыспауы. Осының барлығы мектеп жасына дейінгі балалармен жеке тұлғалық бағдарлы өзара іс-қимылдың болмауын көрсетеді. Ш.А. Амонашвили «Здравствуйте, дети!» кітабында: «Балалар өздері жаналықты білуге тырысады, оқуға, дамуға және тәрбиешіден көмекшіні көруге ұмтылады» деп жазылған.

Бала 1-ші сыныпқа барған кезде міндетті құжаттар ішінде ата-аналар өтініші, денсаулығы туралы анықтама және 12-жылдық Тұжырымдамаға сәйкес балалардың жетістік парағының болуы тиіс. Жетістік парағы (баланың өзімен, педагог, ата-аналар немесе оларды ауыстыратын адамдар бірге) баланың түрлі жұмыстар:суреттер, шығармашылық жұмыстар, фото, өз бетімен бақылау жұмыс талдауы, мақтау грамоталары, дипломдар, алғыс хаттар, ауызша алғыстар болады.

Оқу жылының аяғында ата-аналарға көрме ұйымдастырып, әрбір баланың жеке парағының презентациясы өтеді. Жетістік парағы баланың балабақшада тәрбиеленген кезден бастап қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет