Принциптері


Жанама әдісті пайдаланып таза табысты түзету



Pdf көрінісі
бет194/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Жанама әдісті пайдаланып таза табысты түзету 
Таза табысты корректировка- 
лаушы операциялар: 
Есептелінген тозу сомасы және амортизация 
(соманың өзгеруі) 
Кезең сайын есептелінген тозу және 
амортизация сомасы таза табыс сомасына 
қайта қосылады, өйткені олар ақша 
қаражаттарының шығуын тудырмайды
Ағымдағы активтердің сомасының өзгеруі: 
Дебиторлық 
борыштардың, 
бо-
салқылардың, алдағы уақыттың есебіне 
жататын шығыстардың,
Басқадай ағымдағы активтердің т.б.
Ағымдағы 
активтердің 
өсуі 
ақша 
қаражаттары легінің азаюын туын-датады 
және ақша қаражаттарының шыққанын 
көрсетеді.
Ағымдағы активтердің азаюы есеп беру 
мерзімі ішінде ақша қаражаттары легінің 
көбеюін 
туындатады 
және 
ақша 
қаражаттарының келіп түсуін көрсетеді
Ағымдағы міндеттемелердің сомаларының 
өзгеруі (қысқа мерзімді банк несиесін 
қоспағанда): 
Кредиторлық 
борыштардың, 
салық 
төлемдерінің, басқадай
ағымдағы міндеттемелердің 
Ағымдағы міндеттемелердің өсуі есепті кезең 
ішінде ақша қаражаттары легінің көбеюін 
тудырады және ақша қаражат-тарының келіп 
түскенін көрсетеді.
Ағымдағы міндеттемелердің азаюы ақша 
қаражаттары легінің азаюын тудырады және 
ақша қаражаттарының шыққанын көрсетеді
347 


Инвестициялық қызмет дегеніміз - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу 
және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша 
қаражаттарының қозғалысына төмендегілер жатады: 
1.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі: 
-
материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа ұзақ мерзімді 
активтерді сатып-өткізуден; 
-
қаржылық инвестицияларды сатып-өткізуден; 
-
басқадай заңды тұлғалардан алынған несиелер; 
-
басқадай түсімдер. 
2.
Ақша қаражаттарының шығуы: 
-
материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа ұзақ мерзімді 
активтерді сатып алу; 
-
қаржылық инвестициялар алу; 
-
басқа заңды тұлғаларға несие беру; 
-
басқадай төлемдер. 
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтер 
бөлімінде көрсетіледі. Оған бухгалтерлік баланстың ағымдағы активтер 
бөлімінде көрсетілетін қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да 
жатады. Инвестициялық қызмет акцияларды, негізгі құралдарды және т.б. 
сатып-өткізуден болатын табыс немесе зиян (шығыс) көрініс табатын 
кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды 
есепте де көрсетіледі. 
Қаржылық қызмет – заңды тұлғаның (кәсіпорынның) нәтижесі меншікті 
капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі 
болып табылатын қызметі.
Қаржылық қызметтің нәтижесінде болатын ақша қаражаттарының 
қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:
1.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі: 
а) акцияларды және басқа құнды қағаздарды шығарып, сатып-өткізуден; 
ә) банк несиелерін алу; 
б) басқадай түсімдер. 
2.
Ақша қаражаттарының шығуы: 
а) банк несиелерінің қайтарылуы; 
ә) меншікті акцияларды қайта сатып алу; 
б) дивиденд төлеу; 
в) басқадай төлемдер. 
Шаруашылық операцияларының саны көп болған жағдайда ақша 
қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті құру үшін арнайы 
жұмысшы кесте (11.4.) жасау қажет. 
348 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет