Принциптері



Pdf көрінісі
бет1/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
 
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті 
 
 
 
Н.Ә. БАЙБОЛТАЕВА 
 
 
 
 
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП 
ПРИНЦИПТЕРІ 
 
Электронды оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ 2012



ББК 65.052 я 73 
Б 87 
 
Авторы:
Байболтаева Н.Ә. 
Б 87 Бухгалтерлік есеп принциптері: Электронды оқулық . Н.Ә.Байболтаева – 
Алматы, 2012.–
355 
бет

ІSBN 9965-416-66-4
Қаржы есебінің бастапқы теориялық курсы болып табылатын 
”Бухгалтерлік есеп принциптері” пәні бойынша типтік бағдарламаға сәйкес 
жазылған бұл электронды оқулықта халықаралық стандарттарға негізделген 
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен қаржылық қорытынды есепті құрудың 
теориялық және методологиялық мәселелері қарастырылды.
Электронды оқулық жоғары және арнаулы орта білім беруші оқу 
орындарының экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттеріне, 
магистранттары мен оқытушыларына, сондай-ақ кәсіби мамандарға арналған.
ББК 65.052 я 73 
Сын-пікір жазғандар:
Экономика ғылымдарының
докторы, профессор А.А. Сәтмырзаев 
Экономика ғылымдарының
докторы, профессор А.Қ. Ержанов 
 
 



КІРІСПЕ
 
Нарықтық экономиканың қалыптасуы Республикамыздағы бухгалтерлік 
есеп жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-
әміршілдік жағдайында қалыптасқан бухгалтерлік есеп нарықтық 
экономиканың талаптарын қанағаттандыра алмайтындығын көрсетті.
Елімізде 
мемлекеттік 
меншікке 
негізделген 
кәсіпорындарды 
жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылуы, жаңадан қалыптасқан 
шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысты қызмет етуі мақсатында тиісті 
экономикалық және құқықтық инфраструктураның құрылуы, республиканың 
кең шеңберлі халықаралық байланыстары, қаржы рыногына шығуы, шетелдік 
инвестициялардың көптеп тартылуы бухгалтерлік есеп жүйесін реформалауды 
талап етті.
Сөйтіп 90-шы жылдардың екінші жартысынан басталған реформалау 
процессінің 
нәтижесінде бухгалтерлік 
есеп 
жүйесін 
халықаралық 
стандарттардың талаптарына сәйкес қайта құру жүзеге асырылды.
Республикамызда бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру 
жүйесін реттеуші ұлттық стандарттар, Типтік шоттар жоспары жасалынып 
бекітілді және олар 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылыққа алынып 
келеді. 
Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті нарықтық қатынастардың талабына сай 
жетілдіру процессі одан ары жалғасуда. Ендігі міндет – таяу жылдардың ішінде
ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді 
жүзеге асыру. 
Отандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық тәжірибеге 
сәйкестендіруді қамтамсыз ету жоғарғы кәсіби деңгейдегі мамандар даярлаумен 
тығыз байланысты. Осыған байланысты еліміздің жоғарғы оқу орындарында 
бухгалтерлік есеп және аудит бойынша мамандар даярлауды халықаралық 
бухгалтерлік есеп бағдарламасына сәйкес жүзеге асыру қолға алынды. Бұл 
бағытта ”Бухгалтерлік есеп принциптері” деп аталатын пән Қаржы есебінің 
бастапқы теориялық курсы болып табылады. 
Курстың басты мақсаты – экономика саласының кез-келген мамандықтары 
бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерін бизнес тілімен 
таныстыру, оларға бухгалтерлік есеп ақпараттарының қалай алынатындығы 
және қалай қолдану керектігі туралы түсініктер беру. 
2002 және 2006 жылдары ашық басылымда жарық көрген оқулық ҚР Білім 
және ғылым Министрлігі 2010 жылғы 10 қарашада бекіткен «Бухгалтерлік есеп 
принциптерің пәнінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес өзгертулер мен 
толықтырулар енгізіліп, электронды оқулық ретінде ұсынылып отыр.



Онда халықаралық стандарттарға негізделген бухгалтерлік есепті 
ұйымдастыру мен қаржылық есептілікті құрудың теориялық және 
методологиялық мәселелері қарастырылды.
Электронды оқулық жоғарғы және арнаулы орта білім беруші оқу 
орындарының экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттеріне, 
сондай-ақ нарықтық қатынсатардың талабына сай өз білімдерін жетілдіруге 
мүдделі кәсіби мамандарға арналған. Яғни, электронды оқулықтың көздеген 
мақсаты - оқырмандарды бүгінгі таңдағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық 
қорытынды есеп берудің методологиялық мәселелері бойынша теориялық 
біліммен қаруландыру болып табылады.
Электронды оқулық он үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың соңында 
оқырмандар өз білімін тексеріп көру үшін пайдаланатын сұрақтар және өзіндік 
жұмыстарды орындау үшін берілетін тапсырмалар келтірілді. Кітапта 
келтірілген сандық мәліметтер шартты түрде алынғандықтан олар анықтамалық 
материалдар ретінде қызмет көрсете алмайды.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған бұл электронды оқулықта 
бухгалтерлік есептің теориялық мәселелеріне қатысты көптеген бұрыннан 
қалыптасқан ой пікірлерді дамытуға, кеңейтуге ұмтылыс жасалынған, 
сондықтан онда қамтылған кейбір аспектілер пікір қайшылығын туындатуы 
мүмкін. Осыған байланысты орынды айтылған барлық сын пікірлерді автор аса 
зор ыждағаттықпен қабылдай отырып, кітаптың келесі басылымында 
ескеретіндігіне сендіре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет