Принциптері



Pdf көрінісі
бет7/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

аудиторлар, кеңес берушілер, қаржылық талдаушылар, 
кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары
және т.б. Бұл 
топтар төменде көрсетілді (сурет 1.1.). 
Олардың әрқайсысы қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын өз 
мүдделері негізінде зерттейді: мысалы, 
кәсіпорын иелеріне (акционерлерге)
меншікті капиталдың үлесінің көбейгендігін немесе азайғандығын анықтау,
14 


кәсіпорын әкімшілігін (басшылардың) өздерінің міндетті қызметтерін 
(
функцияларын) қаншалықты тиімді орындағандықтарын бағалау қажет. 
Кәсіпорын иелеріне оның ресурстарының қаншалықты тиімді пайдала-
нылатындығын, кәсіпорынның жұмысын менеджерлердің қаншалықты табысты 
жүргізетіндігін білу қажет. Олар кәсіпорынның дивиденд төлей алу қабілеті
акцияларды сатып алу, оларды иелену немесе өз акцияларын сатып-өткізудің 
пайдалылығы туралы мәліметтер алуға мүдделі.
Кәсіпорын басшылары, басқарушы персонал
– 
кәсіпорынның қызметіне 
басшылық жасаушы және оның алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық 
жауап беретін адамдар тобы. Оларды менеджерлер деп атайды. Кәсіпорынның 
алдында қойылған мақсаттар көп болуы мүмкін, бірақ қатаң бәсекелестік 
жағдайында оның табысы мен үздіксіз қызмет атқаруы әкімшіліктен барлық 
күш-жігерді екі басты мақсатқа біріктіруді талап етеді: 1) таза табыс алу (пайда 
табу); 2) өтімділікке (ликвидтілікке) қол жеткізу.
Пайдалылық (түсімділік) – инвестициялық капиталды тарту және ұстап 
тұру үшін жеткілікті таза табыс (пайда) табу қабілеттілігі.
Өтімділік (ликвидтілік) – белгіленген мерзімге борыштарды өтеу үшін 
жеткілікті төлем қаражаттарының болуы.
Шешім қабылдау үшін менеджерлерге кәсіпорынның ағымдағы және 
келешек қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар қажет. Ондай ақпараттардың 
негізінде менеджерлер кәсіпорын дамуының ағымдағы және перспективалық 
жоспарын жасайды, оның жұмысындағы айқындалған кемшіліктерді жоюға 
бағытталған іс шараларды жүзеге асырады, кәсіпорынды тиімді басқаруды 
қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару персоналы қорытынды есеп 
мәліметтері бойынша қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті айқындайды, 
қабылданған бақару шешімдерінің дұрыстығын бағалайды, дивидендтерді бөлу 
саясатының 
негізгі 
бағыттарын 
анықтайды, 
кәсіпорын 
иелерінің 
құрылтайшылардың еңбек ұжымының, тиісті басқарушы құрылымдардың 
(қаржы органдары, банктер) және басқадай мүдделі ұйымдардың алдында есеп 
береді.
15 


Кәсіпорын жұмыскерлерін
қаржылық қорытынды есеп ақпараттары 
өздерінің еңбек ақыларының деңгейін көтеру мүмкіншілігі және олардың осы 
кәсіпорында жұмыс істеу келешегі тұрғысынан қызықтырады. Себебі, олардың 
еңбек ақыларының мөлшері және ары қарай жалданып жұмыс істеу 
мүмкіншілігі кәсіпорынның қаржылық жағдайымен байланысты. 
Инвесторларға
өздерінің капиталдарын кәсіпорынға салудың тиімділігін 
анықтау қажет. Үлеске, пайға кіре отырып, кәсіпорын акцияларын сатып ала 
отырып, инвестор өзінің капиталын, жинаған қаражатын салудың қаншалықты 
тиімді болатындығын, салынған капитал үшін акционерлерге қандай мөлшерде 
дивиденд есептелініп, төленуі мүмкін екендігін бағалайды.
Кәсіпорын кредиторлары -
ұзақ мерзімді және ағымдағы несие беруші 
банктер, осы кәсіпорынға өзінің капиталын салушы іскер партнерлар - қарыз 
берушілер. Банктер мен қарыз берушілер кәсіпорынның оған берілген несиені 
өз уақытында қайтара алатындығына және процентті төлей алатындығына 
сенімді болуы қажет. Осы мақсатпен олар несиелерді және қарыздарды берген 
кезде тәуекелдік деңгейін бағалайды, бұл кәсіпорынға несие (қарыз) беру және 
оны ұзарту, несиелендіру шарттары, несиелерді (қарыздарды) қайтару 
кепілдіктері туралы мәселелерді қарайды.
Коммерциялық партнерлар
– 
кәсіпорын несиеге тауарларын сатып алатын 
жабдықтаушылар, және кәсіпорынның тауарларын сатып алушылар мен 
қызметін пайдаланушылар. Жабдықтаушыға кәсіпорынның өзінің алдындағы 
борышын өтей алу қабілеті жөніндегі ақпараттар қажет, ал сатып алушылардың 
кәсіпорынның сенімді жабдықтау көзі болып табылатындығына және келешекте 
дағдарысқа ұшырап қалмайтындығына (нанымы) сенімі болуға тиісті. Олар 
кәсіпорынның төлей алу қабілетін және қаржылық тұрақтылығын бағалайды, 
баға динамикасын болжау және жабдықтаудың кеңірек мүмкіншілктерін 
іздестіру үшін қорытынды есепке зерттеу жүргізеді. Яғни, олар кәсіпорынның 
өзіне алған міндеттемелерін орындау қабілетін бағалауға мүдделі.
Басқарушы өкімет органдары 
кәсіпорын қызметінің ағымдағы жағдайы 
және болашағы, сонымен бірге оның мемлекет алдындағы міндеттемелерін 
орындауы туралы ақпараттарды пайдалануға мүдделі. Ондай ақпараттар 
субъект қызметін реттеу үшін, ұлттық табысты есептеуде негіз болатын салық 
саясатын және статистикалық көрсеткіштерді айқындау үшін қажет.
Аудиторлар
қаржылық қорытынды есепті тапсырыс берушіге, оның 
толықтығы, дұрыстығы, кәсіпорынның есеп саясатының қазіргі кезде 
басшылыққа алынып жүрген заңдарға және қабылданған стандарттарға 
сәйкестігі туралы қорытынды дайындап тапсыру мақсатымен зерттейді.
Кеңес берушілерге, қаржылық талдаушыларға, әртүрлі қаржылық 
институттар қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары көздерінің 
қызметкерлеріне
ақпараттар олардың клиенттері мен көпшілік үшін қажет. 
Мысалы, қор биржасының қызметкерлеріне ақпараттар инвесторларға 
16 


акцияларды және басқа құнды қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша кеңес 
беру үшін, ал журналистерге – олардың оқырмандары үшін қажет.
Кәсіподақтар 
кәсіпорынның жоғарырақ еңбек ақы, жәрдем ақы төлей алу, 
жұмыскерлердің және олардың жанұяларының әлеуметтік, тұрмыстық 
жағдайларын жақсарту қабілеті туралы білуге мүдделі. 
Қоғамның 
кәсіпорын жөніндегі ақпараттарды алуға заңды құқығы бар. 
Себебі кәсіпорын қызметінің қоғам мүшелеріне – салық төлеушілерге, 
тұтынушыларға т.б. тигізетін әсері бар. Көптеген адамдар кәсіпорынмен 
келешекте іскерлік байланыста болу үшін ол туралы білгісі келеді.
Сонымен, біз қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдалану-
шыларды кеңнен қарастырдық. Қаржылық қорытынды есеп оның барлық 
пайдаланушыларының сұранысын қанағаттандыруға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет