экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпараттардың дайындалып
тапсырылуымен айқындалады.
Қаржылық қорытынды есеп берудің мақсаты – субъектінің (кәсіпорынның)
қаржылық жағдайы, қызметі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер
жөніндегі ақпараттарды дайындап тапсыру.
Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есепке алу туралы“ заңына
сәйкес қазіргі кезде қаржылық қорытынды есеп беру үш нысаннан тұрады:
1.
Бухгалтерлік баланс (balance sheet)
2.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
жөніндегі қорытынды есеп
(іncome statement)
3.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп (statement
of cash flows).
Қаржылық қорытынды есеп берудің жоғарыда аталған нысандарының
мазмұны кейінірек (оқулықтың соңғы тарауында) қарастырылады.
Қаржылық қорытынды есеп беру – субъектідегі қаржы есебінің қорытынды
мәліметтеріне негізделген және де ол нарықтық қатынастар жағдайында
субъектінің қызметі жөніндегі қаржылық ақпараттардың бірден-бір жүйеленген
көзі болып табылады. Ол ақпараттар тұтынушыларға (пайдаланушыларға)
экономикалық шешім қабылдау үшін өте қажет.
Қаржылық қорытынды есеп инвестициялық шешімдерді,
несие беру
шешімдерін қабылдау үшін, сондай-ақ субъектінің келешек ақша легін,
ресурстары мен міндеттемелерін бағалау үшін пайдалы ақпараттардан тұрады.
Қаржылық қорытынды есеп оны пайдаланушылардың жалпы
қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, бірақ ол
пайдаланушыға экономикалық
шешім қабылдау үшін керек болуы мүмкін барлық ақпараттармен қамтамасыз
ете алмайды. Себебі қаржылық қорытынды есеп негізінен өткен оқиғалардың
қаржылық нәтижесін көрсетеді және де онда қаржылық емес ақпараттардың
көрсетілуі міндетті емес.
Нарықтық қатынастар жағдайында қаржылық қорытынды есеп
ақпараттарын пайдаланушылардың саны өлшеусіз өсіп отыр.
Ондай
пайдаланушыларды негізінен екі топқа бөлуге болады:
1.
Кәсіпорын қызметіне тікелей мүдделілер
2.
Кәсіпорын қызметіне тікелей емес жанама түрде мүдделілер
Бірінші топқа жататындар:
а) кәсіпорын иелері;
ә) басқару персоналы және кәсіпорын жұмыскерлері;
б) кәсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ тікелей қаржылық мүддесі бар
тұлғалар – инвесторлар, әртүрлі кредиторлар және кәсіпорынның
коммерциялық партнерлары;
в) қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеу функциясын жүзеге
асырушы
билік органдары.
13
Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың екінші тобын
құрайтындар кәсіпорын қызметіне тікелей мүдделі болмағанымен, келісім-шарт
бойынша қорытынды есепті пайдаланушылардың бірінші тобының мүддесін
қорғаушылар –
Достарыңызбен бөлісу: