Принциптері



Pdf көрінісі
бет8/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
1.5 
Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізуші субъектілердің 
бухгалтерлік есебін нормативтік-құқықтық реттеу 
 
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық заңды 
тұлғалар, сонымен қатар заңды тұлға түрінде құрылмай-ақ, Қазақстан 
Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен 
айналысатын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында 
тіркелеген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктері (бұдан былай-
шаруашылық жүргізуші субъектілер) бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті. 
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес заңды 
тұлғалар коммерциялық ұйым және коммерциялық емес ұйым түрінде құрыла 
алады. 
Коммерциялық ұйымдар өз қызметтерінің негізгі мақсаты ретінде пайда 
табуды көздейді. Коммерциялық емес ұйымдар пайда табуды мақсат етпейді 
және алынған пайданы қатысушылар арасында үлестірмейді. 
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемелекеттік 
кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында 
құрылуы мүмкін. 
Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар: 
-
шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар
. Бұл кәсіпорындар 
өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді
бірақ мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды. 
-
оперативті басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) 
кәсіпорындар.
Олар Қазақстан Республикасы өкіметінің немесе жергілікті 
атқарушы органның шешімі бойынша құрылады. Қазыналық кәсіпорынның 
шаруашылық қызметі оның жарғысында көрсетілген мақсаттармен және 
міндеттермен белгіленеді. Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік 
17 


аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем 
беру жауапкершілігін өз мойнына алады. 
Шаруашылық серіктестік ретінде жарғылық капиталы құрылтайшылардың 
(
қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым 
танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен 
құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі барысында өндірген 
және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі 
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам 
нысандарында құрылуы мүмкін. 
Толық серіктестік.
Мұндай серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің мүлкі 
жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі 
барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 
жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске 
бөлінген. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның 
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне 
байланысты зиянға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. 
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. 
Мұндай серіктестіктің қатысу-
шылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға 
салған салымдарымен жауап береді, ал бұл сома жеткіліксіз болған жағдайда
өздеріне қосымша тиесілі мүлікпен өздері салған салымның еселенген 
мөлшерінде жауап береді.
Акционерлік қоғам
деп - жарғылық капиталы акциялардың номиналдық құнына 
тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік танылады; акционерлік қоғамның 
қатысушылары (акционерлер) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді 
және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты 
болатын зиян шегуге тәуекел етеді. 
Республикамыздың экономикасында акционерлік қоғамдар ашық және 
жабық акционерлік қоғамдар түрінде белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет