Республика үшін бухгалтерлік есептің неғұрлым тиімдірек моделін
(үлгісін) анықтау мақсатында экономикалық жағынан дамыған өркениетті
елдердегі бухгалтерлік есеп жүйесі зерттелді.
Әрине, бухгалтерлік есеп жүйесі әлемнің әртүрлі елдерінде бірдей емес.
Себебі ақпараттарды дайындап тапсыру кезінде олар капитал рыногында әрекет
етуші инвесторлардың шешім қабылдауы, мемлекеттік салық саясатының тиісті
деңгейде орындалуына бақылау жасау және дұрыс ақпараттар дайындап беру,
мемлекеттік статистикалық қорытынды есепті құру сияқты мақсаттарды
көздейді.
Алайда, айырмашылықтарына қарамастан, барлық мемлекеттер өздеріндегі
есеп жүйесінің ұқсастығы бойынша топтарға бөліне алады.
Көптеген мемлекеттер, өздері пайдаланатын есеп моделіне (үлгісіне)
байланысты төменде аталған үш топтың біріне жатады:
-
британ-америкалық
-
континенттік
-
оңтүстік америкалық.
Британ-америкалық модельдің
(үлгінің) негізін қалаушы принциптер
Ұлыбритания және АҚШ-та жасалынды. Оның дамуына елеулі үлес қосқан
Голландия мемлекеті. Аталмыш модельдің негізгі идеясы – есепті инвесторлар
мен кредиторлардың ақпараттық сұранымына бағыттау болып табылады. Осы
модельді пайдаланушы алдыңғы қатарлы (өркениетті) үш елде қаржылық
ресурстардың қосымша көзі болып табылатын құнды қағаздар рыногы жақсы
дамыған. Бұл үшін мемлекет бухгалтерлік есепті ұйымдастыру саласында
әлемнің көптеген мемлекеттеріне өз ықпалын таратты.
Бухгалтерлік есеп жүйесі Британ-америкалық модельге негізделген
мемлекеттерге: Австралия, Ұлыбритания, Венесуэла, Индия, Индонезия,
Канада, Мексика, Жаңа Зеландия, Израиль, Пәкістан (барлығы 50-ден астам
мемлекет) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: