Принциптері



Pdf көрінісі
бет18/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

6. 
Сенімділік принципі. 
Пайдалы болу үшін ақпараттар сенімді болуға 
тиісті. Ақпараттар оларда елеулі қателер және алдын ала болжанған 
бұрмалаушылық болмаған кезде және не ол көрсетуге тиісті шындықты, немесе 
ол көрсетеді деп негізді түрде күтілетін шындықты көрсетуші ретінде 
пайдаланушылар оған сенуге болатын кезде сенімді болып саналады. 
Ақпараттар орынды болуы мүмкін, бірақ оны мойындау (есепке алу) 
келешекте адасушылыққа әкеліп соқтыратын өзінің сипаты немесе көрсетуі 
бойынша соншалықты сенімсіз болуы мүмкін. Мысалы, сотта қаралатын 
зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптың көлемі мен оның негізділігі дауға 
(
таласқа) түседі, кәсіпорын үшін баланста талаптың толық сомасын есепке алу 
орынды болуы мүмкін. 
 
7. 
Әділетті (бұрмалаусыз) көрсету принципі. 
Сенімді болу үшін 
ақпараттар олар көрсетуге тиісті, немесе олар оны көрсетеді деп негізді түрде 
38 


күтілетін операцияларды және басқа оқиғаларды шындықпен көрсетуге тиісті. 
Сөйтіп, мысалы, баланс есепті кезеңге нәтижесі мойындау критерийлеріне 
жауап беретін кәсіпорынның активтері, міндеттемелері және капиталы болып 
табылатын, операцияларды және басқадай оқиғаларды шындықпен көрсетуге 
тиісті. 
 
8. 
Мәнділіктің (маңыздылықтың) нысаннан артық болуы принципі. 
Егер 
ақпарат операцияларды және басқа оқиғаларды шыншылдықпен көрсетуге 
тиісті болса, онда оларды тек заңдылық нысанында емес, өздерінің маңызы мен 
экономикалық нақтылығына сәйкес есепке алу және көрсету қажет.
 
9. Бейтараптық принципі. 
Сенімді болу үшін қаржылық қорытынды есеп 
ақпараттары бейтарап болуға, яғни күні бұрын кесіп-пішілмеген болуға тиісті. 
Егер ақпараттар өздерінің іріктелуімен немесе тапсырылуымен ол жоспарланған 
нәтижеге қол жеткізу мақсатында шешім қабылдауға немесе пікірлердің 
қалыптасуына әсер ететін болса, онда қаржылық қорытынды есеп бейтарап 
болмайды.
10. 
Сақтық принципі. 
Сақтық деген – белгісіздік жағдайында активтерді 
немесе табыстарды көбейтіп жібермеу, ал міндеттемелерді немесе шығындарды 
азайтып қоймау талап етілетін есептеулерді жүзеге асыруда қажет болатын 
пікірлерді қалыптастыру процессіне белгілі бір деңгейде сақтық енгізу. Бірақ, 
сақтық принципінің сақталуы, мысал үшін, жасырын резервтерді және шектен 
тыс босалқыларды жасауға, активтерді немесе табыстарды саналы түрде 
төмендетуге, не болмаса міндеттемелер немесе шығындарды қасақана көтеріп 
жіберуге мүмкіндік бермейді. Әрине, мұндай жағдайда қаржылық қорытынды 
есеп бейтарап болмас еді, және сенімділік сапасын жоғалтар еді. 
 
11. 
Толықтық принципі. 
Сенімді болу үшін қаржылық қорытынды есептің 
ақпараттары оған шығарылатын шығындардың маңыздылығын есепке ала 
отырып, толық болуға тиісті. Қалдырып кету-ақпараттарды өтірік немесе 
шатастырушы, ал содан барып сенімсіз және оның орындылығы тұрғысынан 
қарағанда жетілмеген етіп қоюы мүмкін. 
 
12. 
Салыстырмалылық принципі. 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы 
және қызметінің нәтижесіндегі тенденцияларды анықтау үшін ақпараттарды 
пайдаланушылардың кәсіпорынның әр түрлі кезеңдегі қаржылық қорытынды 
есебін салыстыра алу мүмкіндігі болуға тиісті. Сондай-ақ, пайдаланушылардың 
әр түрлі кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебін, олардың 
салыстырмалы түрде қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесін және 
қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін салыстыра алу мүмкіндігі 
болуға тиісті. Сөйтіп, ұқсас операциялардан және басқа оқиғалардан алынған 
қаржылық нәтижелердің өлшенуі және көрсетілуі барлық кәсіпорындар үшін 
бірегей методология бойынша жүзеге асырылуға тиісті. 
Қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған есеп 
саясатының варианты жөнінде, ондағы кез келген өзгерістер мен олардың 
39 


нәтижелері жөнінде пайдалнушылардың хабардар болуы салыстырмалылықтың 
сапалық сипаты ретіндегі маңызды шарты болып табылады. Пайдалнушылар 
кәсіпорынның ұқсас операциялар мен басқа да оқиғалары үшін кезеңнен кезеңге 
дейін пайдаланылатын есеп саясатындағы варианттар арасындағы 
айырмашылықтарды анықтай білуге тиісті. Қаржылық қорытынды есептің 
халықаралық стандарттарының сақталуы, оның ішінде кәсіпорында 
пайдаланылатын есеп саясатының ашып көрсетілуі, салыстырмалылыққа қол 
жеткізуге көмектеседі. 
Пайдаланушылар кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қызметінің 
нәтижесін және қаржылық жағдайындағы өзгерістерді өткен кезеңдегімен 
салыстырғысы келетіндіктен, қаржылық қорытынды есепте өткен кезеңдер үшін 
тиісті ақпараттардың болуы өте маңызды. 
 
13. Ақпараттарды өз уақытында дайындап беру принципі. 
Ақпараттарды 
беру кезінде жөнсіз кешігулер болған жағдайда олар өздерінің орындылық 
сипатын жоғалтады. Кәсіпорын басшыларына ақпараттарды өз уақытында 
берудің салыстырмалы құндылығын сенімді ақпараттар берумен теңестіру 
қажет болуы мүмкін. Ақпараттарды өз уақытында тапсыру үшін 
операциялардың немесе басқа оқиғалардың барлық аспектілерін айқандағанға 
дейін есеп беру жиі қажет болады. Ол ақпараттардың сенімділігін төмендетеді. 
Және керісінше, егер қорытынды есеп барлық аспектілерді анықтағанға дейін 
кешігуге ұшыраса, ақпарат төтенше сенімді, бірақ бұрын шешім қабылдауға 
тиіс болған пайдаланушылар үшін пайдасы аз болып қалады. 
Экономикалық 
шешімдер 
қабылдау 
үшін 
пайдалнушылардың 
қажеттіліктерін өте жақсы қанағаттандыру – орындылық пен сенімділіктің 
арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуші басым пікір болып табылады. 
Әрине, жоғарыда қарастырылған бухгалтерік есеп принциптерін сандық 
жағынан да, сапалық жағынан да әлі де болса кеңейтуге болады. Себебі зерттеу 
жүргізілген отандық және шетелдік әдебиеттерде есеп принциптерінің бірегей 
және толық тізімі жоқ. Керісінше, әр түрлі әдебиеттерде олардың саны жағынан 
да, мазмұны жағынан да ала-құлалық байқалады. Мысалы, америкалық 
ғалымдар Б. Нидлз, Х. Андерсон, Д. Колдуэллдердің еңбегінде [7] он алты
принциптің мазмұны ашылса, Ресей ғалымы Я.В. Соколовтың еңбегінде [8] он 
төрт принцип, америка ғалымдары Р. Энтони мен Дж. Ристің еңбегінде [6] он 
бір принцип, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Бухгалтерлік 
есепке алу туралы" Жарлығында [9] он екі принцип қарастырылған. 
Қазақстандық ғалымдар К.Ш. Дюсембаев, С.К. Егембердиева және З.К. 
Дюсембаевалардың еңбегінде [10] шетелдік авторлардың еңбектеріне зерттеу 
жүргізу нәтижесінде алпыс принципке сипаттама берілген. Мұның өзі 
бухгалтерлік есептің табиғи принциптерден немесе заңдардан тұрмайтындығын 
– 
ол принциптердің жасалынуға тиісті екендігін және оларды жеке тұлғалар 
(адамдар) жасайтын болғандықтан әр түрлі көзқарастардың (пікір 
40 


қайшылықтарының) 
болмай 
қалмайтындығын 
көрсетеді. 
Сондай-ақ, 
бухгалтерлік есеп принциптері бір рет мәңгілікке берілген ақиқат емес, олар 
бухгалтерлік есеп процесі жүзеге асырылып отырған әлеуметтік және 
экономикалық ортаның дамуымен бірге үздіксіз өзгеріп, жаңарып, жетілдіріліп 
отырады. 
Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда "Жалпы көпшілік 
қабылдаған бухгалтерлік есеп принциптерінің" ролі басымырақ. Ол принциптер 
бухгалтерлік есептің жалпы концепциясының негізін құрайды және қаржылық 
қорытынды есепті пайдаланушылардың мүддесі үшін стандарттар жасауға 
мүмкіндік береді. Олар заңмен белгіленуі мүмкін немесе есеп теориясы мен 
тәжірибесі негізінде кәсіби бухгалтерлік ұйымдар жасап, ұсынуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет