тікелей қызықтыратын басқадай аспектілерді болжау үшін жиі пайдаланылады.
Ондай аспектілерге дивидендтер мен еңбек ақы төлеу, құнды қағаздардың
бағасының өзгеруі және кәсіпорынның өз міндеттемелерін белгіленген мерзімге
орындау қабілеті жатады.
Болжам жасау құндылығы болу үшін ақпараттар анық көрсетілген болжам
нысанында болмауға тиісті. Бірақ, қаржылық қорытынды есептің негізінде
болжам жасау қабілеті өткен кезеңдердің операциялар мен оқиғалары туралы
ақпараттар беру үлгісінде күшейіп келеді. Мысалы, егер табыстар немесе
шығындардың стандартсыз, кәдімгідей емес және сирек кездесетін баптары
бөлек ашылып көрсетілетін болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің
нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің болжамдық потенциалы көтеріледі.
5.
Мәнділік (маңыздылық) принципі.
Ақпараттардың орындылығына
олардың сипаты мен мәнділігі (маңыздылығы) үлкен әсер етеді. Кейбір
жағдайларда ақпараттың орындылығын анықтау үшін оның сипаты да
жеткілікті. Мысалы, жаңа сегмент жөніндегі хабарлар есепті кезеңде сол жаңа
сегменттің арқасында қол жеткізілген нәтижелердің мәнділігіне (маңызды-
лығына) қарамастан, кәсіпорында бар тәуекел мен мүмкіндіктерді бағалауға
әсер етуі мүмкін. Басқа жағдайларда ақпараттардың сипаты да мәнділігі де
үлкен маңызға ие болады, мысалы, белгілі бір қызметтің түріне сәйкес келетін
кәсіпорында бар босалқылардың негізгі түрлерінің мөлшері.
Ақпарат мәнді (маңызды) болып табылады, егер оның қалдырылып кетуі,
бұрмалануы қаржылық қорытынды есептің негізінде қабылданған
пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін болса.
Мәнділік (маңыздылық) тастап кету немесе бұрмалаудың нақты жағдайында
бағаланушы баптар немесе қателердің шамасына байланысты. Демек, мәнділік
(маңыздылық), бәрінен де бұрын, есептеудің басын немесе нүктесін көрсетеді,
және де пайдалы болу үшін ақпараттарда болуға тиісті негізгі сапалық
сипаттама болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: