Принциптері



Pdf көрінісі
бет16/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

3. Бөлектенген (оңашаланған) кәсіпорын принципі. 
Бұл принципке сәйкес 
субъектінің (шаруашылық бірліктің) шоты онымен байланысты тұлғалардың 
(меншік иелері, қызметкерлер, т.б.) шотынан бөлек жүргізіледі. Мысалы, шаруа 
қожалығының кассасынан қожалық басшысы өзінің жеке қажетіне жарату үшін 
5000 теңге алды делік. Әрине, ақша қай «қалтадаң тұрса да ол кәсіпорын иесінің 
ақшасы. Солай бола тұрса да, 
Бөлектенген кәсіпорын принципіне
сәйкес шаруа 
қожалығының есеп регистрлерінде кассадағы ақша қаражатының азайғаны 
көрсетілуге тиісті. 
Бухгалтерлік есепте шоттар кәсіпорын үшін бөлек (жеке) шаруашылық 
бірлік ретінде ашылады, және ол шоттарда тек сол кәсіпорынның ғана 
операциялары көрсетіледі. 
Белгілі бір кәсіпорын басқа одан ірірек кәсіпорынның бір бөлігі болуы 
мүмкін. Сондықтан, бір топ шоттар жекелеген кішкене кәсіпорындар үшін 
бекітіледі, ал екінші бір топ ірі кәсіпорын үшін бекітіледі. Үлкен кәсіпорынның 
қорытынды есебі кішірек кәсіпорындардың мәліметтерін жинақтау арқылы 
құрылады. 
4. Екі жақтылық принципі. 
Кәсіпорынның экономикалық ресурстары 
активтер
деп аталады. Бұл активтерге қатысты әртүрлі тұлғалардың талаптары 
пассивтер
деп аталады. Пассивтер екі түрге бөлінеді: 1) Міндеттемелер – 
кредиторлардың талаптары (субъектінің иесінен басқа кез-келген тұлғаның); 2) 
Кәсіпорын иелерінің капиталы (кәсіпорын иелерінің талаптары). 
Кәсіпорынның барлық активтері оның иелерінің немесе кредиторлардың 
тарапынан талап етілетін болғандықтан және ол талаптардың жалпы сомасы 
талап етілген активтердің құнынан асуы мүмкін емес болғандықтан, ол актив 
35 


пен пассивтің теңдігін көрсетеді. Бұл теңдік еш уақытта бұзылмайды, себебі 
бухгалтерлік баланс шаруашылық операциялары екі жақты жазу әдісі бойынша 
жазылған синтетикалық шоттардың мәліметтері бойынша құрылады. Бұл 
әдістің мәні мынада: әрбір орындалған шаруашылық операциясы бір уақытта 
бірдей сомаға екі шотқа, яғни бір шоттың дебетіне, ал екінші шоттың кредитіне 
жазылады. Екі жақты жазу кәсіпорынның шаруашлық қызметін бухгалтерлік 
есепте өзара байланысты етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Әрбір операция есеп 
регистрлеріне екі жақты әсер ететін болғандықтан, бухгалтерлік есеп 
шаруашылық операциясының екі аспектісін де көрсететіндей етіп 
ұйымдастырылады. Екі жақты жазу екі жақтылық принципінің іс жүзіне 
асырылуы (қолдану әдісі) болып табылады. 
5. Ақшалай өлшем принципі.
Бухгалтерлік есепте тек ақшалай өлшемде 
көрсетілуі мүмкін ақпараттар тіркеледі. Мұндай есептің артықшылығы сол, 
ақша өзі арқылы кәсіпорынның әртекті фактілері қосуға және алуға болатын 
сандар түрінде көрсетілуі мүмкін, көпшілік мақұлдаған өлшем шамасы болып 
табылады. Мысалы, шаруа қожалығының 200000 теңге ақшасы, 2 жүк 
машинасы, ауданы 250 шаршы метр өндірістік ғимараты, 10 бас ірі қара малы 
бар делік. Бұл фактілер қожалық активтерінің жалпы құнын анықтау үшін 
пайдаланыла алмайды. Ол үшін 200000 теңге нақты ақша, 2 жүк машинасының 
құны – 240000 теңге, өндірістік ғимаратының құны – 300000 теңге және 10 бас 
ірі қараның құны – 150000 теңге болуы керек. Ақшалай өлшем жалпылаушы 
(қорытындылаушы) болып табылады, себебі ұлттық немесе шетелдік валюта 
арқылы кәсіпорынның мүліктік құқығының көлемі, бұрын натуралдық және 
еңбек өлшемдерімен өлшенген шығындары анықталады, смета жасалынып, 
қорытынды есеп құрылады. 
6. Ақпараттардың құпиялылығын сақтау принципі. 
Бұл принципке сәйкес 
бухгалтер өзінің міндетті қызметін орындау барысында алынған ақпараттардың 
құпиялылығын сақтауға, кез-келген ақпаратты тиісті және ерекше рұқсат 
болмаса пайдаланбауға немесе, егер ақпаратты көрсету үшін заңдық, кәсіби 
құқығы болса, оны пайдалануға міндетті. Аталмыш принцип бухгалтер 
этикасының негізгі принциптерінің бірі болып табылады.
Қаржылық қорытынды есеп үшін пайдаланылатын бухгалтерлік есеп 
принциптерін унификациялауға (бір ізге салуға) қол жеткізу үшін қаржылық 
қорытынды есеп берудің халықаралық стандарттары жасалынды. Аталмыш 
құжатта бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің төмендегі 
принциптері қарастырылған: 
1.
Есептеу 
2.
Үздіксіздік 
3.
Түсініктілік 
4.
Орындылық 
5.
Мәнділік (маңыздылық) 
36 


6.
Сенімділік 
7.
Әділетті (бұрмалаусыз) көрсету 
8.
Мәнділіктің (маңыздылықтың) нысаннан артық болуы 
9.
Бейтараптық 
10.
Сақтық 
11.
Толықтық 
12.
Салыстырмалылық 
13.
Өз уақытында дайындап беру. 
Алғашқы екі принципті бухгалтерлік есептің негізін құраушы принциптер 
ретінде жоғарыда қарастырдық. 
Қаржылық қорытынды есептің сапалық сипаттамалары қорытынды есепте 
берілген ақпараттарды оларды пайдаланушылар үшін пайдалы ететін 
атрибуттар болып табылады. Сапалық сипаттамалардың 4 принципіне: 
түсініктілік, орындылық, мәнділік (маңыздылық), сенімділік жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет