Принциптері


  Бухгалтерлік есептегі этика



Pdf көрінісі
бет12/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

1.7 
Бухгалтерлік есептегі этика 
Этика дегеніміз – адамгершілік, өнегелілік, ар-ұят (ождан) туралы ілім. Ал, 
адамгершілік дегенді - әрбір адам мойындайтын этикалық құндылықтардың 
жүйесі деп түсіну керек. 
Этиканың жалпы теориясы кез-келген кәсіптегі адамдар үшін этикалық 
нормалардың қайнар көзі болып табылады. 
Ал, мінез-құлықтардың этикалық кодексі адамдарға не үшін қажет? Ол 
белгілі бір кәсіптің ерекшеліктеріне сай мінез-құлықтар критерийлерін дәл 
анықтап, тиісті ұсыныстар береді. 
24 


Кәсіби этикалар кодекстерінің жалпы (рухани) этикадан айырмашылығы 
оларда нақты мәселелердің шешімін табуға болады. Сондай-ақ, олар кәсіби 
талаптардан тұрады. Белгілі бір кәсіпке қатысты кодекс мінез-құлықтардың 
қатаң нормаларының декларациясы болып табылады және олардың 
орындалуына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіптің болуы мүмкін емес. 
Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың талаптарына сай бухгалтерлік 
есепті жүргізуші бухгалтердің қоғамдағы ролі – бұл кәсіпті абыройлы 
(мәртебелі) және жоғары ақы төленетін кәсіпке айналдырып отыр. Субъектінің 
қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы (инвесторлар, 
кредиторлар, әкімшілік, өкімет органдары, қоғамдық ұйымдар) кәсіпкершіліктің 
әртүрлі мәселелері және салық салу мәселелері бойынша қаржы есебі мен 
қорытынды есеп ақпараттарына сүйенеді. Мұндай қызмет көрсету кезіндегі 
кәсіби бухгалтеріміздің мінез-құлықтары олардың бірлестігінің және жалпы ел 
экономикасының өркендеуіне мүмкіндік туғызады. 
Бухгалтер өзінің міндетті қызметін (функциясын) орындау кезінде 
ақпараттармен байланысты көптеген әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асырады. 
Мұндай кезде «Ол дұрыс жасады ма?ң деген заңды сұрақ туындайды. Ол 
сұраққа жауап беру үшін есеп жүргізушілердің қызметіне бақылау жасалынады. 
Мұндай кезде бұл кәсіпке деген қоғамдық сенімнің маңызы өте зор. 
Бухгалтердің кәсіби мінез-құлықтарының этикасы іскерлік этикамен бара-
бар, яғни ол партнерлардың қарым-қатынастарының дамуына мүмкіндік 
туғызатын ережелер мен нормаларға негізделеді. Бұл ережелер мен 
нормалардың мәні - өзара сенімділікті нығайту, өзінің ниеттері мен іс-
әрекеттері жөнінде партнерларын тұрақты түрде хабардар етіп отыру, 
партнерларын алдауды және оларды бағыттан адастыруды (шатастыруды) 
болдырмау. 
Көпшілік қабылдаған жалпы ережелерге сәйкес бухгалтерлердің кәсібі 
былайша сипатталады: 
-
оқу және білім алу нәтижесінде алынған белгілі бір кәсіби дағдыларды 
меңгереді; 
-
жалпы қоғамға да клиентіне де қатысты міндеттемелер қабылдайды; 
-
клиент қызметіне әділдікпен қарайды; 
-
мінез-құлық және жұмыстарды орындау стандарттарының ең жоғарғы 
талаптарына жауап беретіндей жеке қызмет көрсетеді. 
Бухгалтер кәсібінің айырықша ерекшелігі өзінің қоғам алдындағы, тікелей 
басшылары мен әріптестерінің алдындағы жауапкершілігін жете түсінуі болып 
табылады. Ал, бухгалтер кәсібінің басты міндеті – ақпараттарды 
пайдаланушылардың талаптарын барынша қанағаттандыру үшін өте жоғарғы 
кәсіби біліктілікпен жұмыс істеу. 
Ант беруші қоғамдық бухгалтерлердің Америкалық институты кәсіби 
этикасының қазіргі кодексінде төмендегі адамгершілік нормалары бекітілген: 
25 


-
ұйым мүшелері өздерінің міндетті қызметін орындау кезінде әділ және 
тәуелсіз болуға тиісті; 
-
қорғаушылыққа, уәкілдік құқығын асыра сілтеушілікке, күштеп 
көндіруге, таза емес жарнамаларға, қосымша жұмыс істеуге, қорқытып 
(күштеп) алушылыққа үзілді-кесілді тыйым салынады; 
-
кеңес беру (консультация) қызметін көрсетуге рұқсат етіледі. 
Сондай-ақ, аталмыш кодекс қызметкер (бухгалтер) жұмысқа кірісер кезде 
ұстанатын мынадай ережелерді қарастырады: 
-
бухгалтер жаңа жұмыс орнына отырмас бұрын, өзінен бұрынғы 
бухгалтердің жұмысын мұқият зерттеуге тиісті; 
-
егер ол мұнда жұмыс істемейтін болса, онда оған хат арқылы сұрау 
жіберу керек, ал бұрынғы бухгалтердің хат-сұрауға егжей-тегжейлі 
және әділ жауап беруіне оның кәсіби борышы міндеттейді; 
-
егер жұмыспен алдын-ала танысу кезінде жұмыс берушінің заңды 
бұзатындығы айқындалса, онда бухгалтер ұсынылған жаңа жұмыстан 
бас тартуға міндетті; 
-
жұмысқа төленетін ақы бухгалтер қызметке кіріскенге дейін 
ескертілуге тиісті; 
-
бухгалтердің жұмыс берушімен жасалынған еңбек келісім-шартын кез-
келген уақытта бұзуына болады; 
-
кәсіпорында оны ауыстыратын адамның жоқ болуы келісім-шарттың 
жалғасуына негіз бола алмайды. 
Субъектінің шаруашылық қызметі жөніндегі барлық мәліметтерді 
бухгалтер бөтен тұлғаларға (адамдарға) тек басшының жазбаша келісімі 
бойынша ғана бере алады. Бухгалтердің жұмыс берушіге (басшыға) заңды қалай 
бұзуға болатындығы және оның ізін қалай жасыру керек екендігі турасында 
ақыл беруге құқығы жоқ. Қорытынды есептің бұрмаланғаны үшін кәсіпорын 
басшысы мен бухгалтер бірдей жауап береді. 
Енді бухгалтер этикасының негізін құраушы принциптерге тоқталайық:
1. 
Адалдық.
Бухгалтер өзінің кәсібімен байланысты жұмыстарды орындау 
кезінде адал (таза), шыншыл және әділ болуға тиісті және қызметтің 
қанағаттанарлық дәрежеде орындалатындығына кепілдік беруге тиісті. 
2. 
Кәсіби біліктілік.
Өзінің міндетті қызметін орындау кезінде (қызмет 
көрсеткен кезде) бухгалтер қажетті біліктілік деңгейін, білімін, тәжірибесін 
көрсетуге тиісті және егер ол бухгалтерлік есепті нормативтік-құқықтық реттеу 
жүйесіндегі, практикадағы соңғы жаңалықтарды білмейтін болса, онда қандай 
да болмасын қызмет көрсетуден бас тартуға тиісті. Егер бухгалтердің өз 
қызметінің белгілі бір бөлігін орындауға білімі жетпейтін болса, онда ол ақыл-
кеңес (консультация) алу үшін аудиторға, әртүрлі эксперттерге, заңгерлерге 
және басқа тұлғаларға баруына болады және оған міндетті. Яғни, бухгалтер 
өзінің кәсіби білімін ұдайы жетілдіріп отыруға тиісті. 
26 


3. 
Ақпараттардың құпиялылығын сақтау.
Бухгалтер өз жұмыстарын 
орындау барысында алынған ақпараттардың құпиялылығын сақтауға, кез-
келген ақпаратты тиісті және ерекше рұқсат болмаса пайдаланбауға, болмаса 
оны көрсетуге заңдық немесе кәсіби құқығы бар болса пайдалануға міндетті. 
4. 
Кәсіби мінез-құлық.
Бухгалтер өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-
құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне 
сай іс-әрекеттер мен әдістерге сәйкес болуға тиісті.
Нарықтық қатынастары дамыған (өркениетті) елдерде құрылған 
бухгалтерлік есепті реттеуші ұйымдардың көпшілігі, атап айтсақ: Ант беруші 
қоғамдық бухгалтерлердің америкалық институты (АІСРА), АҚШ-тың қаржы 
бухгалтерлері институты (ІFА), Австралияның ант беруші бухгалтерлер 
институты (ІСАА), Шотландияның ант беруші бухгалтерлер институты (ІСАS) 
және т.б. қазіргі кезде өздерінің кәсіби этикаларының кодексін жасады. 
Олардың кейбіреулеріне, мысалы, Ант беруші қоғамдық бухгалтерлердің 
Америкалық институты кәсіби этикасының кодексіне жоғарыда тоқталдық. 
Бұл ұйымдардың міндетті қызметіне қоғамды қара ниетті бухгалтерлердің 
қиянатынан қорғау, сонымен бірге кәсіби бухгалтердің мәртебесін сақтау кіреді. 
Олар кәсіпорын басшылары мен қызметкерлердің мінез-құлықтарының 
этикалық нормаларын көтеру үшін төмендегідей шараларды жүзеге асырады: 
-
этикалық нормативтерді, яғни барлық жұмыскерлер ұстануға тиісті 
этикалық ережелерді дайындайды; 
-
этика жөніндегі тұрақты комитет құрылады; 
-
басшылар мен қатардағы жұмыскерлерді этикалық мінез-құлықтарға 
үйрету (оқыту) жүзеге асырылады. 
Қарап отырсақ, өркениетті елдерде әрбір кәсіпорын, егер өзінің атағын 
төмендеткісі келмесе, өзінде іскерлік қарым-қатынастар этикасының ең жоғарғы 
стандарттарын бекітуге ұмтылады. 
Өкінішке орай, біздің елімізде бухгалтерлердің кәсіби мінез-құлықтарын 
реттеуші нормативтік құжат әлі жасалынған жоқ. 
Демек, жоғарыда айтылғандардың барлығы, бухгалтерлік есептің 
халықаралық тәжірибесі мен есептің отандық дәстүрлері және елімізде 
қалыптасқан экономикалық жағдайлар Қазақстан бухгалтерлерінің кәсіби 
этикалық кодексінің қабылдануын талап ететіндігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет