Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне бір жылдан артық мерзімде
пайдаланылатын активтер
ұзақ мерзімді активтер
деп аталады. Ұзақ мерзімді
активтерге: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, ұзақ мерзімді
инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, алдағы кезеңнің есебіне
жататын ұзақ мерзімді шығыстар және т.б. жатады.
Халықаралық бухгалтерлік есептің 1 “Қаржылық қорытынды есепті
дайындап тапсыру“ деп аталатын стандартына [5] сәйкес актив төмендегі
жағдайларда ғана ағымдағы активтер ретінде есепке алынуға тиісті:
-
оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса кәсіпорынның
операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде;
-
оның кәсіпорында көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе қысқа
мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің басынан бастап 12 айдың
ішінде сатып-өткізілетіндігі болжанған кезде;
-
ол ақша қаражаттары немесе пайдаланылуына шек қойылмайтын оның
эквиваленттері түріндегі актив ретінде танылған кезде.
Яғни, бір жыл ішіндегі немесе бір операциялық цикл ішінде
жұмсалынатындығы, сатылатындығы, нақты ақшаға сатып өткізілетіндігі
негізді түрде күтілетін активтер
ағымдағы активтер
деп аталады.
Ағымдағы активтерге: тауарлы-материалдық босалқылар (өндірісте немесе
жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдар,
шикізаттар, сатып алынған шала фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар,
ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары
және басқадай материалдар); аяқталмаған өндіріс; субъектінің шаруашылық
қызметі барысында сатып-өткізуге арналған дайын өнімдер, тауарлар; ақша
қаражаттары (кассадағы, банкте ашылған шоттардағы), қаржылық
инвестициялар (құнды қағаздарға салымдар), жабылуы (жойылу) мерзімі бір
жылға дейінгі дебиторлық борыштар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: