Шығындар (құн)
–
белгілі бір мақсатпен жұмсалған ресурстар сомасының
ақшалай өлшемі.
Жұмсалған қаржылар
–
шығындардың пайда болуымен байланысты
активтердің (әдетте ақшаның) азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі (жиірек
кездесетіні төленуге тиісті шоттар). Кезең ішінде жұмсалған қаржылар осы
есепті кезеңде сатылып алынған барлық тауарлардың,
пайдаланылған
қызметтердің құнына тең.
Шығыстар
-
ағымдағы есептік кезеңге жатқызылған шығын баптары.
Шығыстар ағымдағы кезең ішінде табыс табуға қажетті ресурстар болып
табылады. Егер қаржы жұмсалатын болса, онда пайда болған шығындар
активтерге не болмаса шығыстарға жатқызылады. Егер келешекте табыс әкелу
қабілеті болса, онда шығындар активтерді көбейтеді. Басқаша жағдайда ол
шығыстар, яғни, ағымдағы кезеңнің бөлінбеген табысының қысқаруы болып
табылады.
Төлеу
–
ақша қаражаттарының төленуі. Ақша қаражаттарының төленуі –
бұл, қаржылардың жұмсалуы, бірақ та кез келген нақты ақшамен төленетіндер,
айталық, кредиторлық борыштардың қайтарылуы немесе акционерлерге нақты
ақшамен дивидендтердің төленуі және т.б.
Есепті кезеңде қандай шығындарды “шығыстар” деп есептеу керектігі
айқындалған
негізгі критерийден басқа, екі критерийді ескеру қажет: 1)
Кәсіпорынның осы кезеңдегі қызметімен байланысты шығындар кезеңдік
шығыстар болып табылады, және 2) алдағы кезеңдердің табыстарымен
байланыстыруға болмайтын жұмсалған қаржылар ағымдағы кезеңнің
шығыстары болып табылады.
Тікелей байланыс.
Жоғарыда тауарлардың өзіндік құнының оларды сатып-
өткізуден түскен табыспен байланысы туралы айтқан болатынбыз. Соған ұқсас,
егер тауарды сатып-өткізген сатушыға делдалдық ақша төленетін болса, онда ол
сол сатып-өткізуден табыс есептелген кезеңнің шығыстары ретінде есепке
алынады. Сатушыға төленетін ақшаның шығыс ретінде танылу кезеңі, оның
ақшаны алған кезеңінен басқа болуы мүмкін.
Есепті кезеңнің шығындары
–
белгілі бір есепті кезеңде орын алған қандай
да болмасын табыс алу операцияларымен байланысты болмағанымен, сол есепті
кезеңге жатқызылатын шығыстардың кейбір баптары. Мысалы,
бөлшек сауда
дүкенінде –дүкеннің кезең ішіндегі шығындары, ал өндірістік кәсіпорында-
барлық өндірістік емес шығындар. Ондай шығыстарды
кезеңдік шығыстар
деп
атайды.
Болашақ табыстармен (кіріспен) байланысы жоқ шығындар.
Кезеңдік
операциялармен байланысы жоқ шығындар бабы, егер ол қандай да бір болашақ
кезеңмен байланысты болмаса, сол кезеңнің шығыстары ретінде көрсетіледі.
Шығындар активтерге немесе шығыстарға жатқызылады. Шығындар бабын
актив ретінде есепке алу үшін, ол келешекте қандай да болмасын пайда әкелуге
45
тиісті. Олай болмаған жағдайда, ол ағымдағы кезеңнің шығыстарына
жатқызылады. Шығындардың көптеген түрлері өздерінің
табыстармен немесе
тіпті осы есепті кезеңнің жалғасушы операцияларымен байланысы жоқтығына
қарамастан ағымдағы кезеңнің шығыстарына апарылады. Егер, мысалы,
активтер өртке ұшыраса немесе ұрланса, онда шеккен зиянның сомасы
ағымдағы кезеңнің шығыстарына жатқызылады. Сол сияқты пайдалану қасиетін
жоғалтқандығы мәлім болған активтер де шығысқа есептеледі.
Шығыстар және жұмсалған қаржылар.
Қаржылардың жұмсалуы кәсіпорын тауарларды сатып алған кезде және
қызметтерді пайдаланғанда туындайды. Қаржылардың жұмсалуы ақша
қаражаттарының төленуі, борыштардың пайда болуы (төленуге тиісті шот),
басқа активтерге айырбастау жолдарымен жүзеге асырылады. Жоғарыда
айтылып өткендей, бұл жұмсалған қаржылар не
активтерге не болмаса
шығыстарға апарылуы мүмкін. Мысалы, 2000 жылдың аяғында 50000 теңге
нақты ақшаға материалдар сатып алынды, яғни ақша қаражаттарын басқа
активке айырбастау жолымен барлығы 50000 теңге қаржы жұмсалды. Егер
материалдар 2000 жылы пайдаланылмаса, онда биылғы жылы шығыс болған
жоқ. Материалдар 2000 жылдың аяғында актив ретінде көрсетіледі. Егер
материалдар 2001 жылы өндіріске жұмсалса, онда 50000
теңге сол жылдың
шығыны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: