Принциптері



Pdf көрінісі
бет23/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Шаруашылық процестері 
 
Бухгалтерлік есеп объектілерінің бірі кез келген кәсіпорынның 
шаруашылық қызметінің негізін құрайтын шаруашылық процесстері. 
Шаруашылық процессі жекелеген шаруашылық операцияларының жиынтығы 
болып табылады. Ал, 
шаруашылық операциялары
дегеніміз – кәсіпорынның 
экономикалық ресурстары (активтері) мен олардың құралу көздерінің (меншікті 
капитал, міндеттемелер) қозғалысы мен өзгерісінің қарапайым элементі. 
Мысалы, жабдықтаушылардан материалдар алу, оларды өндіріске пайдалану, 
еңбек ақы есептеу, дайын өнімді сатып-өткізу және т.б. 
Кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі бір-бірімен тығыз 
байланысты жабдықтау, өнім өндіру, өндірілген өнімдерді (қызметтерді, 
жұмыстарды), тауарларды сатып-өткізу сияқты шаруашылық процесстерінен 
тұрады. 
Жабдықтау процессінде кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық 
қызметін жүзеге асыруға қажетті әр түрлі тауарлы-материалдық құндылықтар 
сатып алынады. Бұл процесстің есебінің негізгі міндеттері дайындалған 
тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнын анықтау; барлық 
жабдықтаушылардың келісім-шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуына 
бақылау жасау. Дайындалған (сатып алынған) материалдарының өзіндік құнын 
47 


сол материалдардың сатып алу бағасы бойынша бағаланған құны және сатып 
алуға байланысты шығындар (темір жол тарифтері, тиеу-түсіру жұмыстарының 
құны және т.б.) құрайды. 
Өндіріс процессінің
нәтижесінде өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды 
орындау сияқты кәсіпорынның негізгі міндеті орындалады. Өнім өндірумен 
байланысты барлық шығындар оның өзіндік құнын құрайды. 
Сатып-өткізу процессінің 
мәні мынада: кәсіпорын дайындалған өнімді, 
орындалған жұмыстарды, көретілген қызметтерді басқа кәсіпорындарға өндіріс 
және сатып-өткізу шығындарының орнын толтыра отырып және бұл кезде 
белгілі бір мөлшерде табыс ала отырып сатып-өткізеді. 
Жабдықтау және өндіру процесстерінің кезеңінде есеп (сметалық) және 
қорытынды есеп беру көрсеткіштерін салыстыру арқылы үнемдеу не болмаса 
көп жұмсау анықталады, ал сатып-өткізу процессі кезеңінде кәсіпорын 
қызметінің нәтижесі: табыс (кіріс) немесе зиян анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет