Принциптері


Қаржылық қорытынды есеп элементерін бағалау



Pdf көрінісі
бет22/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Қаржылық қорытынды есеп элементерін бағалау 
 
Бағалау
дегеніміз
 

қаржылық қорытынды есеп элементтері танылуға және 
бухгалтерлік баланс пен қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі 
қорытынды есепте көрсетілуге тиісті ақша сомасын анықтау процессі. Ол үшін 
нақты бағалау әдісін таңдау талап етіледі. 
Қаржылық қорытынды есепте әр түрлі деңгейде және әр түрлі 
үйлесімдерде бірқатар бағалау әдістері пайдаланылады. Оларға төмендегі 
әдістер жатады: 
1.
Бастапқы (тарихи) құн.
Активтер олар үшін төленген ақша қаражаттарының 
немесе олардың эквиваленттерінің сомасы не болмаса оларды сатып алу 
сәтінде ұсынылған әділетті (тура) құны бойынша есепке алынады. 
Міндеттемелер қарыздық міндеттемелердің айырбасына алынған түсімдер 
сомасы бойынша немесе, кейбір жағдайларда (мысалы, табыс салығы) 
әдеттегі іс жүргізу барысында міндеттемелрді өтеу үшін төлем жасалуы 
күтілетін ақша қаражаттарының немес олардың эквиваленттерінің сомасы 
бойынша есепке алынады. 
2.
Жаңғырту (ағымдағы) құны.
Активтер, егер сондай немесе оған 
эквивалентті актив қазіргі кезде сатылып алынған жағдайда төленуге тиісті 
ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің сомасы бойынша 
46 


көрсетіледі. Міндеттемелер қазіргі сәтте міндеттемелерді өтеу үшін қажет 
болуы мүмкін ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің 
дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі. 
3.
Сатып-өткізу (өтеу) бағасы. 
Активтер қазіргі кезде активті әдеттегі 
жағдайда сатудан алынуы мүмкін ақша қаражаттарының немесе олардың 
эквиваленттерінің сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер оларды өтеу 
құны бойынша, яғни әдеттегі іс жүргізу барысында міндеттемені өтеу үшін 
жұмсалуы мүмкін деп болжанатын ақша қаражаттарының немесе олардың 
эквиваленттерінің дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі. 
4.
Дисконттық құн.
Активтер әдеттегі іс жүргізу барысында осы актив арқылы 
жасалынады деп болжанатын ақша қаражаттарының болашақ таза кірісінің 
дисконтталған құны бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер әдеттегі іс жүргізу 
барысында міндеттемелерді өтеу үшін қажет болады деп болжанатын ақша 
қаражаттарының болашақ таза шығыстарының дисконтталған құны бойынша 
көрсетіледі. 
5.
Баланстық құн. 
Бұл – активтер мен міндеттемелер есеп беру мерзімінде 
бухгалтерлік баланста көрсетілетін құн. 
Қаржылық қорытынды есепті дайындауда кәсіпорындар бағалау үшін 
негіз ретінде бастапқы (тарихи) құнды кеңірек пайдаланады. Әдетте ол басқа 
бағалау негіздерімен үйлестіріле пайдаланылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет