Принциптері



Pdf көрінісі
бет27/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
 
 


БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС 
 
Активтер 

Міндеттемелер 

Капитал 
Ұзақ мерзімді 
активтер 
Ағымдағы 
активтер 
Ұзақ мерзімді 
міндеттемелер 
Ағымдағы 
міндеттемелер 
Негізгі құралдар, 
материалдық 
емес активтер, 
инвестициялар 
және басқалар 
ТМБ, ақша 
қаражаттары, 
қаржылық 
инвестициялар, 
дебиторлық 
борыштар және 
басқалар 
Несиелер, 
кейінге 
қалдырылған 
салықтар және 
басқалар 
Несиелер, 
кредиторлық 
борыштар, 
төленуге тиісті 
есептелінген 
шығыстар және 
басқалар 
Жарғылық 
капитал, 
эмиссия- 
лық табыс 
резервтер, 
бөлінбеген 
таза пайда 
(
жабылмаған
зиян) 
Сурет 3.1 Бухгалтерлік баланс 
Жылдық (қорытынды) баланс
– 
есеп беру мерзіміндегі кәсіпорынның 
қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар көзі болып табылады. Ол есепті 
жылдың аяғында (есепті жылдан кейінгі жылдың 1-ші күніне) құрылады. Есепті 
жылдың аяғына ең дұрыс (сенімді) баланс құрудың міндетті постулаты -
бухгалтерлік есепте нәтижесін толық көрсете отырып, кәсіпорынның 
мүліктеріне және қаржылық міндеттемерелеріне міндетті түрде түгелдеу 
53 


жүргізу. Жылдық бухгалтерлік баланс негізінен есеп регистрлерінің, Бас 
кітаптың мәліметтері негізінде құрылады.
 
 
Жойылу балансы
– 
шаруашылық жургізуші субъект әртүрлі себептерге 
байланысты жойылған сәтте құрылатын баланс. Жойылу балансының кәдімгі 
баланстан негізгі айырмашылығы оның баптарының бағалануымен 
айқындалады. 
Бағалау сатып-өткізу бағасы бойынша жузеге асырылады, көп жағдайда ол 
бастапқы баланстық құнынан әлдеқайда төмен болады. Әдетте қорытынды 
баланста болатын кейбір баптар, мысалы, бюджеттік бөліп-таратушы "Алдағы 
кезеңнің есебіне жататын табыстар", "Алдағы кезеңнің есебіне жататын 
шығыстар", "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" және "Болашақ 
төлемдердің резерві" баптары жойылу балансында тіпті болмауы мүмкін. Басқа 
жағынан қарағанда жойылу балансында бұрын болмаған баптар пайда болуы 
мүмкін, мысалы, "фирма бағасы (гудвилл)". Кәсіпорынның меншікті 
капиталдары жойылу балансында кейде жеке баптар бойынша көрсетілмейді. 
Себебі жойылу кезеңінің басында кәсіпорынның барлық меншікті капиталы 
арнайы ашылған "Жою" шотына аударылады. Бұл шотта мүліктік баптарды 
бағалаудағы айырмашылық, сонымен бірге жоюға байланысты шығыстар 
көрсетіледі. Шоттың қалдық сомасы (сальдосы) жойылу балансының активінде 
немесе пассивінде көрсетіледі.
 
Брутто-баланс 
– 
реттеуші баптар енгізілетін баланс. Реттеуші баптарға 
негізгі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы және 
т.б. жатады. 
 
Нетто-баланс (немесе тазаланған баланс) 
– 
реттеуші баптар алынып 
тасталған баланс. Оны кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау 
кезінде пайдалану ыңғайлырақ. Мұндай баланстың мәліметтері кәсіпорынның 
қарамағындағы шаруашылық қаржыларының нақты сомасын сипаттайды 
(көрсетеді). 
 
Бөлуші баланс

кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесін өз алдына дербес 
кәсіпорын ретінде бөліп шығарған сәтте немесе кәсіпорынды бір-бірінен 
тәуелсіз бірнеше кәсіпорындарға бөліп жіберген кезде құрылады. 
Ішкі баланс
(мейлінше егжей-тегжейлі) қаржылық талдау жасау, 
жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен оның филиалдарының, құрылымдық 
бөлімдерінің шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.
 
Сыртқы баланс
сыртқы пайдаланушылар үшін құрылады. Сыртқы 
пайдаланушылар үшін ол ең басты ақпарат көзі болып табылады. Ондай 
баланстың мазмұны құрылымы және сыртқы пайдаланушыларға тапсырылу 
тәртібі заңмен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатымен, 
пайдаланушылардың талабымен айқындалады. Баланс салық органдарына, 
банктерге, қор биржаларына тапсырылады, бұқаралық ақпарат құралдарында, 
арнайы анықтамаларда басылады. 
54 


Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты 
шоғырландырылған
(консолидацияланған) баланстың 
ролі артып отыр. 
Ірі компаниялар салық төлеуде тиімдірек экономикалық жағдайларға қол 
жеткізу үшін немесе басқадай мақсаттармен еншілес кәсіпорындар құрады. 
Инвестор олардың бірінің акцияларын сатып ала отырып, барлық кәсіпорындар 
туралы түсінікті ақпараттар алғысы келеді. 
Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есепті 
құрудың негізгі мақсаты – бас кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындардың 
қызметін бірегей шаруашылық ұйым ретінде көрсету. Бухгалтерлік есептің 13 
«Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есеп және 
еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар есебің деп аталатын ұлттық 
стандартына сәйкес 
шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық 
қорытынды есеп
дегеніміз – бір серіктестіктің қорытынды есебі ретінде 
тапсырылған топтың (бірнеше еншілес серіктестіктің) жекелеген қаржылық 
қорытынды есептері [11]. 
Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есепті 
дайындау кезінде негізгі серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің 
қаржылық қорытынды есептері активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, 
табыстар және шығыстар туралы мәліметтерді қосу арқылы баптар және жолдар 
бойынша бірігеді. Бірқатар операциялар бойынша қайта есептеуді болдырмау 
мақсатында алып тастау (жою) әдісі қолданылады. Шоғырландырылған 
(консолидацияланған) қаржылық қорытынды есептерде топ жөніндегі 
қаржылық ақпараттарды бірегей ұйымдар туралы ақпараттар ретінде көрсету 
үшін одан төмендегі көрсеткіштер алынып тасталынады: 
-
негізгі серіктестіктің еншілес серіктестіктердің әрқайсысына салынған 
инвестицияларының баланстық құны және негізгі серіктестіктің еншілес
серіктестіктердің әрқайсысының меншікті капиталындағы үлесі; 
-
негізгі және еншілес серіктестіктер арасындағы өзара есеп айырысулар 
бойынша шоттардағы сальдо (қалдық); 
-
табыстар, шығыстар және дивидендтер бойынша ішкі топтық операциялар, 
сондай-ақ осы операциялардың нәтижесінде пайда болатын іске 
асырылмаған (жұмсалынбаған) табыс немесе зиян, орны толтырылмайтын 
зияндардан басқа. 
Америка ғалымдары Б.Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэллдердің еңбегінде 
былай делінген: «Шоғырландырылған (консолидацияланған) балансты 
дайындау кезінде еншілес және бас (аналық) кәсіпорындардың қорытынды 
есептерінен тиісті баптар бірігеді. Кейбір баптар негізгі және еншілес 
серіктестіктер арасында болған операциялардың нәтижесінде сальдоланады. 
Мысалы, бір компанияның борышын басқа компанияның жабуы немесе 
олардың арасындағы сатып алу-сату операциялары. Қорытынды есепті құру 
кезінде негізгі кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындар арасындағы мұндай 
55 


операциялар қорытынды есептің жиынтығында көрсетілмеуге тиісті. Себебі 
сатып алу-сату операциялары, қарыздың төленуі және олардың алынуы ақша 
қаражаттарының кәсіпорын ішіндегі көбеюін туындатпайды. Қайта есептеуді 
болдырмау мақсатында алып тастау (жою) әдісі қолданылады. Алып тастау 
(жою) тек қорытынды есепті дайындау барысында орындалады және негізгі 
кәсіпорынның да еншілес кәсіпорындардың да бухгалтерлік есеп регистр-
лерінде көрсетілмейді. Ешқандай шоғырландырылған (консолидацияланған) 
есеп регистрлері жүргізлмейдің [7]. 
Сонымен, бізде қолданылып келген мәліметтерді жинақтаудан шоғыр-
ландыруды (консолидациялауды) екі белгі бойынша ажыратуға болады: 1) 
шоғырландырылған (консолидацияланған) қорытынды есеп екі немесе бірнеше 
өзара байланысты, бірақ солай болғанмен заңды түрде дербес кәсіпорындар 
бойынша құрылады; 2) шоғырландыру (консолидация) негізгі және еншілес 
кәсіпорындар баланстары баптарының қарапайым қосындысы емес, қорытынды 
есеп мәліметтерін белгілі бір түрде құрамдастыру (қиыстыру) болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет