Пәні: Геометрия
Сыныбы: 8
Уақыты: 27.10.15
Сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометрия пәніне деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, төртбұрыштар тарауына шолу жасау, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау.
Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мұқияттылығын, есте сақтау қабілетін, ойлау өрісін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: Сөздік, көрнекілік, практикалық, ұжымдық және топтық оқыту.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих,қазақ тілі.
Көрнекілігі: плакаттар, топшамалар, ребус, математикалық диктант.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сыныптан тыс сайыстың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру:
Алдыңғы сабақта бақылау жұмысы болғандықтан, жалпы тарауды қайталауға берілді. Қазір әзірленген білімдеріңізді сайыс барысында қолданасыздар.
Негізгі бөлім:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар» деп аталады. Сіздермен төртбұрыштар тарауы бойынша қорытынды сабағымызды сайыс сабақ түрінде өткізгелі отырмыз.
Сайыс мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1-бөлім «Кел, танысайық!»
(әр топқа берілген 4 ребусты шешу арқылы топ аттарын анықтау)
2-бөлім «Математикалық диктант»
(анықтамалардың бос орындарын толтыру)
3-бөлім «Қанекей, бірге есептейік!»
(әр топқа 2 есептен беріледі)
4-бөлім «Фигуралар сөйлейді?» (жасырылған фигураны табу)
5-бөлім «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар»
(төртбұрыштарға өмірден мысал келтіру, тарихи мәліметтер)
6-бөлім Қорытынды
Сайысымыздың әділ-қазы алқаларын таныстырып өтейік:________________________
1-бөлім «Кел, танысайық!»
(әр топқа берілген 4 ребусты шешу арқылы топ аттарын анықтау)
КВАДРАТ РОМБ
ТІКТӨРТБҰРЫШ ТРАПЕЦИЯ
2-бөлім «Математикалық диктант»
(анықтамалардың бос орындарын толтыру)
Әр топқа математикалық диктант беріледі. Анықтамалардың бос орындарынын орнын толтырады. Топтың атына сай тақырыпта беріледі.
Квадрат тобына:
______________ деп барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты атайды.
2. Квадраттың барлық бұрыштары ______.
3. Квадраттың барлық ___________ тең.
4. Квадраттың _____________ тең, өзара перпендикуляр, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді және квадраттың бұрыштарын да қақ бөледі.
1) квадрат
2) тік
3) қабырғалары
4) диагональдары
Ромб тобына:
________ деп барлық қабырғалары өзара тең параллелограмды атайды.
____________ перпендикуляр әрбір параллелограмм ромб болады.
3. Ромбының диагональдары өзара _______________ және оның бұрыштарын қақ бөледі.
4. 30 -қа қарсы жатқан ________гипотенузаның жартысына тең.
1) ромб
2) диагональдары
3) перпендикуляр
4) катет
Тіктөртбұрыш тобына:
________ деп барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды айтады.
Тік төртбұрыштың ____________ тең болады.
3. Диагональдары тең _______________ тік төртбұрыш болады.
4. Тік төртбұрыштың периметрі____________ формуласымен есептеледі.
1) тік төртбұрыш
2) диагональдары
3) параллелограмм
4) р=(а+в)
Трапеция тобына:
1.Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш _____________деп атайды.
2.Бүйір қабырғалары тең трапецияны ____________ деп атайды.
3. Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның _____________ деп аталады.
4. Бір бұрышы тік болып келген трапецияны _________________ деп атайды.
1) трапеция
2) тең бүйірлі трапеция
3) биіктігі
4) тікбұрышты трапеция
Достарыңызбен бөлісу: |