Принциптері



Pdf көрінісі
бет4/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

бухгалтер
деген термин пайда болды. 1498 
жылы Қасиетті Рим империясының императоры Максимилиан-І бірінші 
бухгалтер етіп Христофор Штехерді тағайындады. Осы кезеңнен бастап біздің 
ғылымның және кәсібіміздің атауы есеп регистрінің негізгі түрі – кітаппен 
байланысты болды. Көпестер немесе жалданушы бухгалтерлер бірнеше 
ғасырлар бойы есепті арнайы кітаптарда жүргізді. 
Есептің жетілдірілуі шамамен ХІV-ғасырдың ортасында, ал басқа 
деректерге қарағанда одан жүз жыл ертерек, 
ескі және жаңа италиялық
екі 
жақты бухгалтерияның
пайда болуына жағдай туғызды. 
Ескі италиялық бухгалтерияның негізгі ерекшелігі есеп жүргізуші екі 
кітапты: 
журналды және Бас кітапты 
бөліп көрсетуі. Журналда 
хронологиялық жазулар жазылды, яғни шаруашылық өмірдің фактілері 
операциялардың орындалу ретіне қарай тіркелді. Бас кітапта оларды жүйелеу 
(топтау) жүзеге асырылды. Сыртқы түрі жағынан бұл екі регистр тері немесе 
мата керілген ағаш қаппен түптелген кітап болып табылады. Кітаптың барлық 
парақтары номерленіп, соңғы парағында беттердің саны көрсетілді. Тіпті бір 
парақтың жоғалуы бүкіл кітаптың құнын түсіреді.
Сол кезеңнің өзінде-ақ шаруашылық өмірдің фактілерін тіркеу техникасы 
көптеген білімді адамдардың көңілін аударған. Бухгалтерлік есеп туралы 
бірінші кітапты 1494 жылы италиялық ғалым-математик, Лука Пачоли жазды. 
Шын мәнінде аталмыш кітап математика ғылымы бойынша жазылған және ол 
«Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар және қатынастар туралы 
ілімң (Сумма арифметики, геометрии, учения о пропорциях и отношениях) деп 
аталады. Бірақ, бұл еңбек біз үшін математикалық мәліметтердің көрсетілуімен 
емес, кітаптағы екі жақты бухгалтерияны (екі жақты жазу жүйесін) жүргізу әдісі 
көрсетілген «Шоттар және жазулар туралы трактаттарң (Трактаты о счетах и 
записях) деп аталатын бөлімімен тартымды. 
Италиялық екі жақты бухгалтерия есептің дамуына орасан зор ықпалын 
тигізді. Оның ықпалы (әсері) қазіргі кездегі есептің ажыратылмайтын құрамдас 
бөлігі болып табылатын әдістер мен тәсілдерден ғана емес, сондай-ақ көптеген 
сөздерден – сол тәсілдер белгіленіп көрсетілетін терминдерден көрініп тұрады. 
Мысалы, баланс, калькуляция, дебет, кредит және т.б. 
XVІІ ғасырдың аяғында есептің ескі италиялық нысанының орнына жаңа 
италиялық нысан келді. Бұл нысанның өмірге келуі, есептің басқадай кез-келген 
нысаны сияқты, шаруашылықтың өсуімен және экономикалық ақпараттардың 
мазмұнының тереңдеуімен байланысты қажеттіліктерден туындады. Есепте 
синтетикалық (жинақтаушы) және аналитикалық (талдамалық) шоттар пайда 
болды. Синтетикалық есеп тек Бас кітапта жүзеге асырылды, ал аналитикалық 
есеп көмекші кітаптарда жүргізілді. Шаруашылықтың кеңейіп өсуі есеп 



қызметкерлері санының көбеюін (штаттың кеңеюін) талап етті. Есептің жаңа 
нысаны кезінде көмекші кітаптардың саны көбейді. Негізгі регистрлер: Журнал, 
Бас кітап, көмекші кітаптар болды. Егер есептің ескі италиялық нысаны өзінің 
хронологиялық және жүйелі жазуды пайдалануымен із қалдырған болса, жаңа 
италиялық есеп нысаны синтетикалық есептің аналитикалық есеппен 
толықтырылуымен ерекшеленді, ал ол материалдық құндылықтардың 
қозғалысына жалпы көрсеткіштер арқылы ғана емес, олардың әрбір жекелеген 
түрлері бойынша бақылау жасауға мүмкіндік берді.
Есептің бұл нысаны патшалы Ресейде (революцияға дейін) кеңінен 
қолданылды және кейбір өзгертулермен тіпті Қазан революциясынан кейін де 
пайдаланылды.
Есептің мемориалды-кассалық (немістік) нысаны XVІІІ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап қолданыла бастады.
Есептің бұл нысанында хронологиялық журнал екі журналға бөлінеді: 
кассалық журнал – касса айналымын тіркеу үшін және мемориал - басқа 
айналымдар үшін. Бас кітап жаңа мазмұнға ие болады, яғни ай сайын кассалық 
журналдан және мемориалдан операциялар корреспонденцияланушы шоттар 
бойынша айлық жинақтаушы журналға көшіріліп, осы журналдың мәліметтері 
негізінде ай ішіндегі жазулардың жиынтығы бойынша Бас кітап құрылады. 
Көмекші кітаптар әдеттегі тәртіппен жүргізіледі. Бұл нысан революцияға 
дейінгі Ресейде ХІХ ғасырдың ортасына дейін кеңінен қолданылды.
Есептің көп журналды (француздық) нысанының ерекшелігі онда ақшасыз 
операциялардың хронологиялық жазулары орындалатын бір мемориалдың 
орнына сол типтегі бірнеше журналдар жүргізілді, мысалы, сатып-алу журналы, 
сатып-өткізу журналы, дайындау журналы және т.б. Есептің бұл нысаны ХІV 
ғасырдың ортасынан бастап пайдаланыла бастады.
Бас-журнал немесе есептің америкалық нысаны ХІХ ғасырдың басында 
пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Бұл нысанның негізгі ерекшелігі 
синтетикалық есеп, мұнда бір уақытта хронологиялық және жүйелі жазу 
орындалатын, бір кітапта жүргізіледі. Бұл кітап Бас-журнал деп аталады және 
ол синтетикалық шоттары аз кәсіпорындарда қолданылды.
Біздің 
елімізде 
мұндай 
журнал 
көбінесе 
ауылшаруашылығы 
кәсіпорындарында пайдаланылды.
ХІХ ғасырдың аяғында есептің шахматтық нысаны кеңінен пайдаланыла 
бастады. Бұл нысанда Бас кітаптағы жазулар тек бағаналар мен көлденең 
бағаналардың қиылысындағы шаршыларда (квадратта) жазылады. Әрбір 
шаршыда айналым корреспон-денцияланушы шоттар бойынша көрсетіледі. 
Яғни, жазу бір рет орындалып, екі жақты көрсетіледі: бір шоттың дебеті басқа 
шоттың кредиті бойынша. Қазіргі кезде ақпараттарды қолмен өңдеуде алдыңғы 
қатарлы нысан болып табылатын – бухгалтерлік есептің журнал-ордерлік 
нысаны осы шахматтық принципке негізделген.



ХХ ғасырдан бастау алған 
есептің автоматтандырылған нысаны -
бүгінгі 
күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға 
негізделген. Бұл нысан есептік процессті бастапқы құжаттардан бастап, 
бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз 
етеді. 
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану 
мынандай мүмкіндіктерге қол жеткізеді: 
-
есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін (жылдамдығын) 
жоғарылатады; 
-
аралық ақпарат тасымалдаушыларды дайындауды қысқартады;
-
қол еңбегінің, қағаздың, өңдеудің шығындарын азайтуға жағдай 
туғызады.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламалар 
пайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын әмбебап бухгалтерлік 
бағдарлама – “1С: Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама “қарапайымнан – күрделіге” 
приципі бойынша құрылған. Оны қарапайым операциялар үшін де, есеп 
регистрлерін, Бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де 
пайдалануға болады.
Біз бухгалтерлік есептің пайда болған кезінен бастап, оның қалыптасып 
даму тарихына қысқаша тоқталдық. Соның өзі есептің адамзат қоғамымен 
бірдей қалыптасып, дамып келгендігін дәлелдейді. Ең бастысы – ол адам үшін 
өмірлік қажеттілік, әсіресе қазіргі жағдайда, онсыз нарықтың да, өндірістің де 
дамуы мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет