Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік аумақтың морфологиясы Оқу мақсаты



Дата16.03.2022
өлшемі19,59 Kb.
#135977
түріСабақ
Байланысты:
сабақ 13 Мемлекеттік аумақтың морфологиясы (1)


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Әнәпия Ақшолпан Битұрсынқызы, Киргизбаева Баян Даутбаевна

Пән/Сынып:

10 сынып (жаратылыстану – математикалық бағыт)

Қай аптаның нешінші сабағы




Тарау немесе бөлім атауы:

Бөлім 5. Геосаясат

Сабақтың тақырыбы:

Мемлекеттік аумақтың морфологиясы

Оқу мақсаты:

10.5.1.9. Қ.Р. мемлекеттік аумағының морфологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беру

Бағалау критерийі:

Білу және түсіну
Қ.Р мемлекеттік аумағының морфологиялық жағдайына сипаттама жасайды.
Талдау
Қазақстан аумағын морфологиялық ерекшеліктеріне қарай, бірнеше топқа бөліп жіктейді.
Бағалау
Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшелігіне қорытынды жасайды.




Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? (Қиын болса алып тастауға болады)

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Тақырып: Мемлекеттік аумақтың морфологиясы



Оқу мақсаты;
10.5.1.9. Қ.Р. мемлекеттік аумағының морфологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беру.


Білу және түсіну
Қ.Р мемлекеттік аумағының морфологиялық жағдайына сипаттама жасайды.
Талдау
Қазақстан аумағын морфологиялық ерекшеліктеріне қарай, бірнеше топқа бөліп жіктейді.


Бағалау
Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшелігіне қорытынды жасайды.

Презентация № 1 – 2



7-8 минут

Жаңа сабақ



  1. Қазақстанның физикалық және саяси картасын қолдана отырып төмендегі берілген бірқатар белгілері бойынша сипаттаңыздар:

- Жер аумағының игерілу деңгейі


- Табиғи ландшафтыларынң типтері
- Географиялық орнының ерекшеліктері



- Қазақстанның физикалық және саяси картасын қолдана отырып, бірқатар белгілер арқылы, Қазақстанның морфологиялық жағдайына сипаттама жасайды.

- Оқушылардың картаны қолдана отырып, Қазақстанның морфологиялық жағдайына бірқатар белгілер бойынша сипаттама жасай алатындығына көз жеткізу.



- Қазақстан жер аумағының тиімді игерілу деңгейін анықтайды.


- Табиғи ландшафтыларының типтеріне сипаттама жасайды
- Қазақстанның географиялық орнының қолайлы және қолайсыздығын анықтайды.



Презентация № 4-5

Қазақстанның физикалық және саяси картасымен жұмыс жасау. Қосымша мәтіндегі мәліметпен танысу.



8 минут

Материалды игеру

1. Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша бірнеше топқа жіктейміз:
- Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер.
- Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер.
-Шашыраңқы мемлекеттер.
- Құрамында анклавтар бар мемлекеттер.
(анықтамалары мәтін арқылы таныстырылады)
Тапсырма:
1. Қазақстан аумағы морфологиялық ерекшеліктеріне қарай қай топқа жататындығын анықтаңыз?

- Қазақстан аумағының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай, қай топқа жататындығын анықтап жіктейді.

- Мемлекеттерді аумағының ерекшеліктері бойынша бірнеше топқа жіктелегенін мәтін арқылы анықтап, оқып талдау жасай алатындығына мұғалім көз жеткізеді. Бірнеше мемлекеттерге мысал келтіріп,
Қазақстан қайсы топқа жататындығын анықтай алатындығына бақылау жүргізеді.

- Мемлекеттердің аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша бірнеше топқа жіктейді. Мысалдар келтіреді.
- Қазақстан қайсы топқа жататындығын анықтап, жауабын нақты дәлелдермен түсіндіреді.

Презентация № 6-7
Мәтінмен танысу. Оқулықта 58 тақырып.

3 минут

Бекіту

1. Қазақстан аумағының игерілмей жатқан аймағына, болашақта қандай бағытта жұмыстар жасауға болады деп ойлайсыздар?

- Қазақстандағы игерілмей қалған аймақтардың болашағын жоспарлайды.

- Оқушының тақырыпты толық түсінгендігін тексеру мақсатында бекіту сұрағын ұсынамын.
- Осы бекіту сұрағы арқылы оқушының берген жауабына сәйкес кері байланыс жасаймын.

- Қазақстандағы игерілмей қалған аймақтардың мәселесін толық анықтайды. Болашағына жоспар құрады

Презентация № 8-9


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет