Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына психологиялық ахуал туғызу
Топқа бөлу әдісі
«Бағдаршам әдісі» бойынша топтарға бөлу
Мұғалімнің алдында кеспе қағаздары болады,әр қағада топтың аттары болады,әр оқушы өзі таңдаған топқа жайғасады. Осылай оқушыларды топқа бөліп алдым
1-топ. Үлкен Аю
2-топ. Темірқазық
3-топ. Жетіқарақшы
Алдыңғы білімді жетілдіру “Броундық қозғалыс”әдісі
Шоқжұлдыз дегеніміз не ?
Шоқжұлдызды қалай белгілейді?
Көрінерлік жұлдыздық шама нені анықтайды?
Қалыптастырушы бағалау
«Басбармақ әдісі»
|
|
Сабақтың ортасы
|
I-тапсырма. Бейне ролик арқылы сабақтың мақсатын ашып аламыз.
Шоқжұлдыз дегеніміз –аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін көрінерлік жұлдыздық шама ұғымы пайдаланылады.Жұлдыз-жалтырлығы –одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшері.
Қалыптастырушы бағалау
II-тапсырма.
Суретпен жұмыс жасау
Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама қолданылады.
М-абсолют жұлдыздық шама.
m-көрінерлік жұлдыздық шама.
R-жұлдызға дейінгі қашықтық.Кейбір жарық жұлдыздардың атаулары, астрономиялық белгіленуі, орналасу орнының координаталары, көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалары туралы мәліметтер.
Аспан сферасы –радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан, оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан орыннан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады.
Жұптық жұмыс:Аспан сферасының негізгі элементтері:
Эклиптика -Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.
21-наурыз көктемгі күн мен түн теңелуі. (тоқты).
23-қыркүйек – күзгі күн мен түн теңелуі
Көңілді смайликтер әдісі
III-тапсырма.
Неліктен қалада орман немесе жазық далаға қарағанда жұлдыз аз көрінеді. Қандай шарттарда жұлдыздар жақсы көрінеді?
|
https://clck.ru/MRVYN
Физика
ЖББМ 9-сыныбына арналған оқулық Н.А.Закирова
Р.Р.Аширов
Арман-п-в баспасы 2019
56 бет
Физика
ЖББМ 9-сыныбына арналған оқулық Н.А.Закирова
Р.Р.Аширов
Арман-п-в баспасы 2019
56 бет
https://clck.ru/MRVxA
|
Сабақтың соңы
|
Бекіту стратегиясы жұлдызды аспан жайлы эссе жазу сабақтан түйгенін “Тазалық”әдісі бойынша оқушылар өзіне маңызды болған ақпаратты дәптеріне жазады.
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Сұраққа жауап
1. Шоқжұлдыз дегеніміз не?
2. Аспанда қанша шоқжұлдыз бар?
3. Жұлдыздар шоқжұлдыз құрамында қалай белгілінеді?
4. Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар нені білдіреді?
|
Басбармақ әдісі
Көңілді смайликтер әдісі
Үш шапалақ әдістерін пайдаландым
|
Физика кабинетінде лабараториялық тәжірибе жасағанда қауіпсіздік ережесін қолдандым.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Үміт ағашы әдісі бойынша бағалау
Стикерлерге әр оқушы сабақтан түйгенін жазып, осы ағашқа жабыстырады
|
Шоқжұлдыз-аспанның жұлдыдар тобы орналасқан,нақты шекарасы анықталған бір бөлігі.
Жарық жылы-жердің бір жылы ішінде жарықтың вакуумда таралу қашықтығы.
|
|