Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады.
Үйлестіруші қызметі нәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.
Оқыту қызметі арқылы баланы өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.
.
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген.Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.
І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.
Сұрақтар:
Білім беру мазмұны дегеніміз не?
Оқу жоспары дегеніміз не?
Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
Типтік оқу бағдарламасы дегеніміз не?
Авторлық оқу бағдарламасы дегеніміз не?
Мектеп оқулығының атқаратын қызметтерін ата?
Оқулыққа қандай талаптар қойылады?
Рефлексия
Синквейн 5 жолдық өлең әдісін орындайық:
1. Тақырып аты
2. Тақырыпты 2 сөзбен сипаттау (белгі немесе сын есім)