Проблемасы



Дата13.05.2020
өлшемі19,67 Kb.
#67684
Байланысты:
Документ (2)


 Дүниетанымның мәні:

Проблемасы:

Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.

Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.

Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады.
Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс.

Қазіргі уақытта білім беру саласының маңызды проблемасы болып белсенді өмірлік позициясы бар, жаңа көзқарасқа ие, өзін жəне қоршаған ортаны қайта құруға, əр түрлі өмірлік жəне кəсіби міндеттерді жеке шеше алуға қабілетті тұлғаны даярлау болып табылады. Баланың осындай тұлғалық сапаларының дамуына оның мəдени ортамен өзара əрекеттестікте болуы оң ықпал етеді. Бүгінгі мəдени орта халықтық жəне қазіргі мұралардың ақыл-ой, адамгершілік-моральдық, көркемдік- эстетикалық дамуының біртұтастығын құрайды. Ал бұл болса, көп ғасырлық ұлттық мəдени мұраларды тұлғаның ақыл-ой, моральдық, эстетикалық мəдениетін қалыптастыру процесінде тиімді пайдалануды қажет етеді [1].Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дəстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ өткен тарихты білуден басталады», — дейді Баласағұн бабамыз, ал əлемнің екінші ұстазы атанған Əл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дəуірінің қадірін бағалай алмайды», — деген екен.

2)Дүниеге көзқарас – бұл, әлемге деген тұтас көзқарас және оның осы әлемге қатынасы, сонымен қатар сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, оның жүріс-тұрыстарының қағидалары және құндылықтары.

Дүниеге көзқарас көңіл - күйді, сезімдерді, әсерленушіліктерді, идеалдарды қамтиды.

Идеалдар мазмұнында адам ұмтытылыстарының ең жоғарғы мақсаты ақиқат, ізгілік, сұлулық, әділеттілік болады. Идеал адамдардың бүткіл қарекетінде рухани бағдар қызметін атқарады, оған мағына бергізеді және мақсатқа ұмтылдырады.

Дүниеге көзқарастың негізгі түрлеріне: мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті ), діни, көркемділік, табиғижаратылыстық (натуралистік), философиялық. Бұлардың бәрі дерлік адамзаттың рухани дамуында маңызды роль атқарды.

Дүниеге көзқарастың үлгілері (типтері) әр түрге бөлінеді: егер әлемді тану құралдарының басымды жағынан шықсақ, онда бұл сезімділік-бейнелеу үлгілері (мысалы, діни және күнделікті-үйреншікті дүниеге көзқарастардың үлгілері);

- немесе ұғымдық – белгілер тұрғысында (дүниеге көзқарастардың философиялық немесе табиғижаратылыстық үлгілері);

- әлемде жалпы бағдарлану тұрғысында (алғашқы себеп: рух па немесе табиғат ба );

- субстанционалды жоба тұрғысында, онда біздің алдымызда - бірнеше субстанцияны ескеретін дуалистік және плюралистік сияқты дүниеге көзқарастар, ал жалғыз субстанция ескерілсе монистік көзқарастар үлгісі;

- дүниеге көзқарастың қолданатын әдіс-тәсәлі тұрғысынан, көзқарас "метафизикалық" немесе " диалектикалық " болады;

- "адам", "субъекті" ұғымдары деңгейіне байланысты: дүниеге көзқарас жекелік, әлеуметтік - топтық, таптық болып және мемлекет, ұлттар, бүткіл қоғамның дүниеге көзқарасты болып ерекшеленеді.

- қоғамдық - экономикалық формациялар тұрғысында да ("феодалдық", "қайта туу замандары") көптеген дүниеге көзқарастар бар. - сонымен қатар басқа да дүниеге көзқарастар ("сенсуалистік" және "рационалдылық", "сциентикалық" және "антропологиялық", "ұлтшылдық", "шовинистік", "тоталитарлық" және т. б.) бар.



Барлық үлгілерде, олардың түрлеріндегі сияқты дүниеге көзқарастардың негізгі мәселесі адамның әлемге қатынасынан тұрады. Бұл қатынастар 4 түрге бөлінеді:1) генезистік (шығу тегіне байланысты), 2) танымдылық, 3) бағалап-бағдарлаушылық (басқаша айтқанда, аксиологиялық, құндылықтық), 4) рухани - практикалық, немесе праксиологиялық (практикалық және танымдылық). Сонымен кез келген дүниеге көзқарастың ең негізгі сұрағы – бұл, адамның және әлемнің қатынастары туралы сұрақ.

Өндірістің, ғылымның, мәдениеттің және басқа факторлардың даму деңгейіне сай әрбір дәуірдің дүниеге көзқарастарының өзіндік ерекшеліктері болады. Бірақ солардың ішінде дүниеге қөзқарастардың ең негізгілерінің қатарына жоғарыда көрсеткендей мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті), діни, көркемділік, табиғижаратылыстық (натуралистік), философиялық түрлері жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет