Байланысты: Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен танысу.
6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:
а) Бастауыш білім беру деңгейінде:
1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):
мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады;
шынайы және қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады;
2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:
міндеттерді шешу қадамдарын логикалық және уақыт бірізділігі бойынша анықтайды және реттейді;
3) технологияларды қолдану:
нұсқаулықпен жасайды;
4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау:
белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды;
5) қызметті бағалау:
өз іс-әрекетіне берілген алгоритм бойынша бақылауды жүзеге асырады;
6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:
жоспарланған және алынған нәтижелердің сипаттамаларын салыстырады және нәтижелер сапасының ойдағыға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды;
өз әрекетінің нәтижелерін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды;
7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:
өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады;
өз әрекетінің себептерін атай алады.
Слайд 23
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):
қалаған жағдаятты негіздейді және нақты жағдаяттарға талдау жасайды және олардың
арасында туындаған қарама-қайшылықты көрсетеді;
проблеманың пайда болуының себептерін көрсетеді;
2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:
қойылған проблемаға сәйкес мақсат қояды;
қойылған мақсатқа сәйкес міндеттерді қояды;
алдын-ала берілген баға критерийлері негізінде өз әрекетінің жоспарланған нәтижесінің сипатын өз бетінше анықтайды.
3) технологияларды қолдану:
нақты міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттер технологиясын (міндеттерді шешу тәсілдерін) немесе белгілі бір алгоритмнің бөлігін таңдайды және іс-әрекет жоспарын жасайды;
4) ресурстарды жоспарлау:
қойылған міндетті шешуге қажетті ресурстарды жоспарлайды;
5) қызметті бағалау:
өз іс-әрекетін жоспарлайды және ағымдық бақылау жасауды жүзеге асырады;
6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:
әрекет ету мақсатына сәйкес өз бетінше анықтаған өлшемдер бойынша өз әрекетінің нәтижесін бағалайды;
7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:
іс-әрекет жетістіктері мен кемшіліктерінің себептерін көрсетеді;
міндеттерді шешу кезінде кездескен қиыншылықтарды атап көрсетеді және оларды жеңу жолдарын ұсынады.