ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;
2) алғашқы ақпаратты алу:
бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;
адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;
ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады;
3) ақпаратты екінші қайтара алу:
берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
4) ақпаратты алғашқы өңдеу:
алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді;
5) ақпараттарды өңдеу:
алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;
ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.
Слайд 27
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:
қойылған міндеттерді шешу үшін қандай ақпарат (не туралы) талап етілетінін атап көрсетеді;
интернеттің іздестіру жүйелерін қолданады;
библиографиялық және тұрақты басылымдарды пайдаланады;
2) алғашқы ақпаратты алу;
өз бетінше бақылау, ақпараттық ізденістердің міндеттеріне сәйкес эксперименттің мақсаты мен барысын жоспарлай отырып эксперимент жүргізеді;
сұрақтар көмегімен ақпараттар жинауды жоспарлайды және оны жүзеге асырады;
берілген сұрақтар бойынша статистикалық, тарихи және көркемдік ақпарат көздерінен мәлімет ала алады;
3 ) екінші қайтара ақпарат алу:
алынған тапсырмалардың сипатына қарай өз бетінше негіздеме тұжырымдайды, оларды реттейді және ізделінді ақпаратты ала алады;
анықталған қарама-қайшылықты көрсете біледі;
4) ақпаратты алғашқы өңдеу:
алынған ақпаратты берілген күрделі құрылым шеңберінде (екі немесе одан да көп белгілеріне қарай) жүйелейді;
5) ақпараттарды өңдеу:
алынған ақпаратты шешілетін міндеттің мәнмәтінінде баяндай алады;
ақпараттың нақтылығын ұсынылған тәсіл бойынша тексереді;
алынған ақпарат негізінде өз бетінше қорытынды жасайды немесе қорытындымен келіседі және оны дәлелдеу үшін бірнеше дәйектер немесе оны растайтын мәліметтерді келтіреді.