ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ? - Әлеуметтану өз зерттеу пәніне қатысты үш бағытта өрбиді, яғни қазіргі әлеуметтануда оның зерттеу пәні үш топқа бөлінеді.
- 1. Номиналдық дефинициялар, Бұған «социология» терминінің өзін анықтайтын түсініктер жатады.
- 2. Формалды дефинициялар, бұған адамдардың ұйымдасу формаларын анықтайтын түсініктер жатады.
- 3. Психологиялық дефинициялар, бұған жеке даралық және топтық сана-сезімге негізделген адамдар мінез-құлқын анықтайтын түсініктер жатады.
Біріншіден, әлеуметтану әртүрлі түпкі жүйедегі үрдістерді қоғамның жалпы, біртұтас негізде қызмет атқаруымен байланыстыра отырып зерттейді, яғни Т. Парсонстың пікірінше әлеуметтану интеграцияға бейім үрдістер мен құрылымдарды зерттейді. - Біріншіден, әлеуметтану әртүрлі түпкі жүйедегі үрдістерді қоғамның жалпы, біртұтас негізде қызмет атқаруымен байланыстыра отырып зерттейді, яғни Т. Парсонстың пікірінше әлеуметтану интеграцияға бейім үрдістер мен құрылымдарды зерттейді.
- Екіншіден, әлеуметтану қоғамда жалпы әлеуметтік байланыстар, механизмдер қалай бейімделуін зерттейді.
- Үшіншіден, әлеуметтану барлығын да адам мүддесі, оның тұтынысы, күтуі және көңіл-күйі тұрғысынан сұрыптайды.
Достарыңызбен бөлісу: |