Қазақстанда әлеуметтану пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды.
Оны оқып үйренудегі мақсаттар - бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу.
Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.
Оны жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді.
2. ИНДИВИД ЖӘНЕ ҚОҒАМ.
Әлеуметтанудағы жеке адам түсінігі ең сыйымды, қиын түсінік.
Мұндай түсінікте оның адамға тән биологиялық қасиеттері мыс., темпераменті, эмоциялық сезімдері жоғалып кетпейді. Ол тек әлеуметтік өмірге байланысты жаңа қырынан көрінеді.
Жеке адам биоәлеуметтік өмір сүруші даралық (индивид) және сол адамға тән, қайталанбайтын әмбебап қасиеттер мазмұны.