Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.
“Саяси элита” дегенімізді саясаттану ғылымы:
- шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы)
- жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар
- билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді
Бұл анықтамалардың қай-қайсысында билікті иелену, шешім қабылдауға қабілеттілік , өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған.
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Саяси элитаны тудыратын факторлар мынадай:
1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек;
2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері;
3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады;
4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).